Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +29°
$
507.07
-3.52
572.53
-6.38
¥
70.37
-0.52
6.37
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Терроризмді насихаттаған қазақстандық 9 жылға сотталды

Шетелге соғысқа бармақшы болған ол айналасындағыларды лаңкестер жағына қосылуға шақырған

Новости Казахстана / Терроризмді насихаттаған қазақстандық 9 жылға сотталды
Фото:
ҚР ҰҚҚ баспасөз қызметі

Күдіктіден бірнеше қару-жарақ тәркіленген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҰҚК ақпаратына сүйеніп.

Ақтөбе қалалық сотының шешімімен Ақтөбе облысының бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны және атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі. - Оның айналасындағыларды лаңкестер жағында шетелдегі соғыс қимылдарына қатысуға шақырғаны, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлағаны анықталды. Тінту барысында одан 2 автомат, 8 тапанша, 8 мылтық, 3 шолақ қару, жасырын тасымалданатын гарнитурасымен 6 радиостанция, 3 түтін шашкасы, 1 жарық гранатасы және 581 патроны табылды.

Сондай-ақ, ҰҚК материалы бойынша Алматы облыстық сотының шешімімен Каскелең қаласының бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны және террористік әрекеттерді ұйымдастыруға адамдарды тартқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фигурант Қазақстанда резонансты зорлық-зомбылық акциясын жасау үшін лаңкестік топ құруды жоспарлаған.

Осы мақсатта басқа діндар адамдарға лаңкестік идеологияны қабылдатып, оларды өз қатарына тартуға әрекеттенген.

Жалпы осы жылдың басынан ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін әртүрлі мерзімге 34 адам, сондай-ақ 2 шетел азаматы сотталған, - делінген ақпаратта. - Олар терроризмді насихаттағаны, діни араздық тудырғандығы, террористік және экстремистік топтардың әрекетіне тартқаны, құрғаны және оларға қатысқаны, тыйым салынған ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған. Тағы 23 адамға қатысты тергеу жалғасуда.

Следующая →
Тақырыптар: ҚР ҰҚК Терроризм Жаза