Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салу тапсырылады
Облыс әкімдіктеріне елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша өкілеттіктер берілмек

Бұл Туризм және спорт министрлігінің басшылығы ұсынған негізгі бастамалардың бірі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Үкіметі ақпаратына сүйеніп.
Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті түзетулер Парламентте қаралуда.
Мұндай қадам негізгі туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді. Туристік дестинацияларда инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға бағытталған жеке бюджеттік бағдарлама әзірленетін болады. Бұл ретте, өңірлерде туризмді дамытуға басымдық беру үшін жаңа құзыретпен қатар жеке туризм басқармаларын құру мәселесін қарастыру қажет. Қазір тек бес өңірде жеке басқарма бар, тағы екі өңірмен пысықталып жатыр, - деп атап өтті туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Сондай-ақ, Үкіметте фермерлерге өздеріне қарасты жер телімдерінде агротуризммен айналысу құқығын беруді қарады.
Ауыл шаруашылығын қолдау және туризмді дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде фармерлерге өздеріне қарасты жер телімдерінде агротуризммен айналысуға рұқсат етіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында салалық ведомство министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.
Фермерлерге өздеріне қарасты жер телімдерінде агротуризммен айналысу құқығын беру ұсынылады. Қазіргі таңда елімізде 200 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Бұл шара ауыл тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға, ауылдық аумақтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті министр.