Өскемен
облачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +17°
$
503.15
-1.29
543.3
-2.35
¥
69.21
-0.34
5.93
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі – жеке куәлікті ауыстыру, сәуір айының соңына дейін онлайн-форматқа ауыстырылады

Новости Казахстана / Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады
Фото:
Устинка LIVE

Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оның айтуынша, мамандар азаматтың фотосуретін сәйкестікке бағалайтын AI моделін сәтті сынақтан өткізді. Яғни, болашақта азаматтарға жеке куәлік алу үшін тек eGove платформасында сәйкестендіруден өту, фото мен қолтаңбаны жүктеу, онлайн төлем жасау және құжаттың дайындығы туралы SMS күту қажет болады.

2024 жылы ХҚКО операторлары 15,2 млн қызмет көрсетті. Бұл ретте өтініштердің 80%-ы он қызметке тиесілі. Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл қызметтерді автоматтандыру және баламасыз, тек онлайн форматқа көшіру бойынша жол картасын әзірледік. Бірінші кезеңде: жеке куәлікті ауыстыру, электронды цифрлық қолтаңба беру, еңбек мигранттарына рұқсат беру қызметтері. Келесі кезекте тіркеу қызметтері: көлік, жылжымайтын мүлік, жерге қатысты құжаттар көшіріледі. Мақсатымыз – жыл соңына дейін халыққа қызмет көрсету орталығының жүктемесін 50%-ға дейін азайту, - деді министр.

Следующая →