Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +14°
$
504.44
+1.02
545.65
+3.57
¥
69.55
+0.24
5.95
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Қазақфильмге" тиесілі жерлер сатыла ма?

Мәдениет министрі "Қазақфильм" киностудиясының жері сатылмайтынын мәлімдеді

Новости Казахстана / "Қазақфильмге" тиесілі жерлер сатыла ма?
Фото:
t.me/madenietaqparat

Аида Балаева киностудия төңірегіндегі дау-дамайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Кейінгі уақытта "Қазақфильм" киностудиясы қоғамда қызу талқыға түсіп, түрлі қауесеттер мен жорамалдар айтылып жатыр.

Кино саласына қатысы бар тұлғалардың киностудия төңірегіндегі процестерге қатысты өз пікірін білдіруге құқығы бар. Алайда ақпарат таратқанда тек фактілерге сүйенуге кеңес беремін. "Заң мен тәртіп" қағидаты баршаға ортақ, ал оны елемеу тиісті заң аясында жауапкершілікке әкеліп соғады, - деп ескертті министр.

"Қазақфильм" жерінің сатылуы жөніндегі ақпаратқа қатысты.

Бұл мәселе төңірегіндегі негізсіз қауесет біржола тоқтатылуы тиіс. "Қазақфильмге" тиесілі жерлер киностудия иелігінде қала береді. Жер сатылған жоқ және тек кинематография мүддесі үшін пайдаланылуда.

Киностудияны жөндеуге қомақты қаржы салуға дайын инвесторлардың бар екені жайлы.

Бұл ақпарат қоғамда кең тарап жүр, алайда мұндай мәлімдемелерді құжаттармен немесе нақты кепілдіктермен растай алмайтын адамдар жасап отыр. Мемлекет, яғни Мәдениет және ақпарат министрлігі нақты инвесторлармен жұмыс істеуге дайын. Дегенмен әзірге ешқандай нақты ұсыныс, бірде-бір кепілдік хаты жоқ. Барлығы тек әңгіме деңгейінде.

Киностудияны Астанаға көшіру туралы.

Бұл да ешқандай негізі жоқ қауесет. Қазіргі уақытта елордаға "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігін көшіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Мұнда маңызды жайт – "Қазақанимация" өндірістік база емес, анимациялық контент жасауға тапсырыстарды бөлетін құрылым. Сондықтан оның Астанаға көшуі саланың жұмысына еш кедергі келтірмейді.

Өкінішке қарай, кейінгі бес жылда елімізде сапалы анимациялық фильмдер түсірілген жоқ. Осыған байланысты анимациялық индустрияны Креативті индустриялар қорының аясында дамыту орынды болмақ. Қор құрылымында анимацияны дамытуға бағытталған креативті хаб жасақталуда, - деп атап өтті министр.

"Қазақфильм" – жай ғана киностудия емес, бұл – қазақ мәдениетінің символы. Сондықтан оны дамыту – басым бағыттың бірі.

Президент қол қойған жаңа заңға сәйкес елімізде фильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30%-ы жыл сайын тікелей "Қазақфильмге" бағытталатын болады. Бұл киностудия жұмысының тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын арттырады. Сондай-ақ мемлекеттік қолдауға ие болатын киножобаларды іріктеудің жаңа ережелері бекітілді. Биыл жаңа ережелер бойынша конкурс екінші рет өткізіліп отыр, - деп жазды Аида Балаева. - Киностудияны халықаралық ынтымақтастықсыз дамыту мүмкін емес. "Қазақфильм" шетелдік әріптестерімен бірлесіп бірқатар маңызды фильмдер түсіруді жоспарлап отыр. Бұл – қазақстандық киноны әлемдік нарықта таныту және отандық кинематографистердің позициясын нығайту үшін маңызды қадам.

Қазір демеушілерді арқасында киностудияда соңғы 15 жылда жүргізілмеген жөндеу жұмыстары басталған.

Следующая →