Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар күтілуде

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ресми арнасы республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет ұсынып, жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
4 наурыз Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар күтілуде, - делінген "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ақпаратында. - Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.