Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +8°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +27°
$
513.68
-1.35
583.03
-1.79
¥
70.39
-0.28
6.24
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлытау облысының мәдениет басқармасының басшысы мен бірнеше қызметкер сотталды

Олар Жезқазған қаласында мәдени шараларды ұйымдастыру үшін 3,9 млн теңгеге заңсыз келісім жасасқан

Новости Казахстана / Ұлытау облысының мәдениет басқармасының басшысы мен бірнеше қызметкер сотталды
Фото:
pexels

Оларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратына сүйеніп.

Жезқазған қалалық соты облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ә. Омар, оның қарамағындағылар – тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Сарбаеваға, облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Г. Жолашароваға және тілдерді дамыту ресурстық орталығының басшысы Ж. Оспановаға, сондай-ақ жеке компанияның өкілі О. Талғатқа қатысты үкім шығарды, - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. - Олар Жезқазған қаласында 3,9 млн теңге сомасына мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде қосымша келісім жасасу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Омар 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылса, оның қатысушыларына 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →