Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО-дағы 3 сауда базары жаңғыртылады

Елімізде сауда базарларын жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Жол картасы бекітілді

Новости Казахстана / Биыл ШҚО-дағы 3 сауда базары жаңғыртылады
Фото:
Устинка LIVE

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше елімізде 644 базар бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Елімізде базарларды жаңғырту 10 жыл бұрын басталған. ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында әкімдіктер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігінен, пандемия кезінде құрылыс материалдарының қымбаттауы секілді бірқатар объективті себепке байланысты базарларды жаңғырту жұмыстары мерзімінде аяқталмағанын айтты. Нәтижесінде жаңғырту мерзімі 3 рет ауыстырылды (2018, 2021,2023 жылдар).

Бүгінгі таңда барлық сауда базарлары үшін жаңғыртудың бірыңғай мерзімі - 2025 жылғы 31 желтоқсаны болып заңнамамен белгіленген. Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Жол картасы бекітілді. Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтерге сай елімізде 644 базар бар. Оның ішінде әмбебап базарлар - 412, мамандандырылған базарлар - 233. 2025 жылға 100 базарды жаңғырту жоспарланған, оның ішінде: Астана қаласы - 7, Алматы қаласы - 10, Абай облысы - 3, Ақмола облысы - 1, Ақтөбе облысы - 2, Алматы облысы - 11, Атырау облысы - 4, ШҚО, Жамбыл облысы - 3, Жетісу облысы - 6, БҚО - 14, Қарағанды облысы - 5, Қостанай облысы - 4, Қызылорда облысы - 4, Маңғыстау облысы - 5 базарлары, Павлодар облысы, Түркістан облысы - 8, Ұлытау облысы – 2 базар, - деді Айдар Әбілдабеков.

Жол картасына сәйкес базарларды жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, жұмыс жобалары, эскиздік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Қажетті құжаттар келісіліп, бекітіліп жатыр, топотүсірілім жүргізілуде, сондай-ақ аумақтарды қоршау, қойма үй-жайларын бұзу және тағы басқа жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осы орайда айта кеткен жөн, сауда базарларының жай-күйін бағалау үшін Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері биыл ақпан, сәуір айларында базарларды аралау кестесін бекітті. Сапар барысында барлық өңірдің базарларын егжей-тегжей түгендеу жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмыс әкімдіктер, мемлекеттік кірістер, төтенше жағдайлар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және СЭС органдарының өкілдерімен бірлесіп жүргізіледі. Бұл туралы ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ брифингінде хабарлады.

Базарларды жаңғырту - бұл бірінші кезекте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі екенін ескеру қажет. Модернизиция тек сатып алушыларға ғана емес, сатушыларға да қолайлы және қауіпсіз жағдай жасайды. Әкімдіктер мен аумақтық сауда департаменттері жаңғыртуды уақытылы әрі сапалы жүргізу және модернизацияға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді жою бойынша жұмысты күшейтуі қажет, - деді ведомство өкілі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жаңғыртуды қамтамасыз етпеген сауда базарларының иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту жоспарланған.

Следующая →