Өскемен
пасмурно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +17°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +26°
$
539.55
+1.01
627.55
-0.76
¥
75.52
+0.02
6.7
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді

Биыл ақпан айында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тәлімгерлерін оқытуды міндеттейтін заңға қол қойылды

Новости Казахстана / Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді
Фото:
pexels

Оқытуды тәлімгерлік жөніндегі ұйымдар жеке қаражаты есебінен жүргізеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.

2024 жылы Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған тәлімгерлік институты енгізілген болатын. Аталған механизм білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін 10 жастан бастап өз бетінше өмір сүруге дайындауға мүмкіндік береді.

Тәлімгерлерді даярлау ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сапалы қолдау мен көмек көрсетуде маңызды қадам болып табылады. Біз бұл шара балаларды әлеуметтендіруге және өз бетінше өмір сүруге дайындауға ықпал ететін тәлімгерліктің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз, - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Тәлімгер болуға еліміздің кәмелет жасына толған және қорғаншыларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін азаматтары үміткер бола алады. Міндетті оқытудан өткеннен кейін тәлімгерлерге біліктілігін растайтын сертификат беріледі. Одан кейін тәлімгер, қорғаншылық және қамқоршылық органы, сондай-ақ білім беру ұйымы арасында ресми келісім жасалады.

Алдағы уақытта тәлімгерлік жүйесі қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау жүйесінің маңызды бөлігіне айналады. Бұл олардың қоғамға қиындықсыз бейімделуіне және болашақта өмірден өз орнын табуына септігін тигізеді.

Следующая →