Өскемен
ясно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -17°
  • Шымкент
    +10°
$
502.89
+0.42
527.03
+1.20
¥
69.36
+0.10
5.71
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шет елде тұратын 65 қандасымыз "Ата жолы" картасын алды

"Ата жолы" картасы дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет етуге мүмкіндік береді

Новости Казахстана / Шет елде тұратын 65 қандасымыз "Ата жолы" картасын алды
Фото:
gov.kz

Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 "Ата жолы" картасы берілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған "Ата жолы" картасы енгізілді

Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.

Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды, – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Ата жолы" картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар. Олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді.

"Ата жолы" картасын енгізудің мақсаты тарихи Отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады. Бұл карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға өздері тұрып жатқан елдің азаматтығын сақтай отырып беріледі.

"Ата жолы" картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады және еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін өздері таңдайды.

"Ата жолы" картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы бола отырып, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие.

"Ата жолы" картасының иегерлері (және олардың отбасы мүшелері) мынадай құқықтарға ие:

- медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде қызмет және әлеуметтік төлемдер алу;

- ҚР Еңбек кодексіне және "Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңына сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;

- ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

- "Білім туралы" ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн орта бiлiм алу, мемлекеттiк орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн орта арнаулы және/немесе жоғары бiлiм алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;

- "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" ҚР заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;

- азаматтық саласындағы халықаралық шарттарға және ҚР заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу.

"Ата жолы" картасы бар адамдардың ҚР Парламенті мен мәслихаттарына сайлануға, сондай-ақ сайлауда дауыс беруге, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ әрі мемлекеттік қызметке қабылданбайды.

Егер "Ата жолы" картасының иесі Қазақстан азаматтығын алатын болса, онда карта жарамсыз деп танылады.

Следующая →