Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық хоккейшілер Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Финалдық матчта біздің хоккейшілер Жапониямен кездесіп, 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Айта кетейік, біздің команда бұл Азия ойындарына бесінші рет қатысып отыр.
Туризм және спорт министрі хоккейден алтын медаль жеңіп алған Қазақстан ерлер құрамасын құттықтады.
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы топ жарып, ел қоржынына төртінші алтын жүлдені салды. Финалдық сайыста отандастарымыз Азиядағы азулы қарсыласымыз – Жапония хоккейшілерінен басым түсті. Азиадада біздің хоккейшілер тәуір нәтиже көрсетіп келеді. Біздің хоккейшілер әр Азиадада жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Биыл да сол дәстүр жалғасып, команда өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Хоккейшілерімізді кезекті мерейлі жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!,- деді Ербол Мырзабосынов.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасы Харбинде төрт алтын медаль иеленді. Бұған дейін биатлоншы Владислав Киреев, шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов (фристайл-акробатика) алтын медальдарға ие болған еді.