Владислав Киреев биатлоннан Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан ерлер арасындағы бәсекеде Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды

Отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Спортшыларды жарқын жеңісімен ҚР Туризм және спорт министрі құттықтықтады.
Фристайл-акробатикадағы жігіттердің алтынынан кейін іле-шала биатлон спортындағы саңлақтарымыз ел қоржынына бір алтын, бір күміс жүлде салды. 10 шақырымға спринтерлік жарыста Владислав Киреев мәре сызығын бірінші кесіп, қуаныш үстіне қуаныш сыйлады. Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Вадим Куралес те екінші орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды. Владислав пен Вадимді айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын. Олар ел сенімін ақтап, барша спорт жанкүйерін жарқын жеңістерімен қуантты. Жігіттеріміз бұл жүлдемен шектеліп қалмайды деп сенемін. Бірер күннен соң олар командалық сында жарыс жолына шығып, бізді тағы да жоғары марапаттармен қуантады деп үміттенеміз. Бүгінгі қос алтын мен бір күміс құтты болсын, Қазақ елі!, - деді ҚР Туризм және министрі Ербол Мырзабосынов.