Өскемен
облачно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +4°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    -5°
  • Орал
    -11°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -11°
  • Шымкент
    +10°
$
502.47
525.83
¥
69.26
5.68
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мемлекет басшысы Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті

Новости Казахстана / Мемлекет басшысы Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды
Фото:
Ақорда

Мемлекет басшысы кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс.Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс, - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары.

Сіздер нақты цифрды айттыңыздар. Оны қоғам қызу талқылады. Тіпті, кей жағдайда артық сөздер де айтылды. Дегенмен, бұл қоғам талқысына алдын ала салынған ұсыныс болатын. Биыл нақты шешім қабылдануға тиіс. Мен бұған дейін де айттым: Үкімет бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауы керек. Бүгін айтылған ой-пікірлер де ескеріледі. Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Следующая →