Өскемен
ясно
-19°
  • Өскемен
    -19°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +11°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +12°
$
495.28
+6.13
538.32
+4.85
¥
68.35
+0.82
5.77
+0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Наурыз қарсаңында туристік пойыздар жолға шығады

Ұлттық тасымалдаушы Наурыз мейрамына орай "Керуен Экспресс" және "Jibek Joly" туристік пойыздарын іске қосады

Новости Казахстана / Наурыз қарсаңында туристік пойыздар жолға шығады
Фото:
t.me/PR_KTZh

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік байланысты кеңейту мақсатында "Керуен Экспресс" және "Jibek Joly" пойыздарын іске қосады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жолаушылар қос елдің бай мәдени мұрасын тамашалап, Наурыз мейрамын Қазақстан мен Өзбекстанда қалай тойланатынын көріп, ұлттық дәстүрлердің ерекше үйлесімін сезіне алады.

"Керуен Экспресс" туристік пойызы Алматыдан шығып, "Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Тараз-Алматы" бағыты бойынша жүреді. Саяхат ұзақтығы 7 күн – 2025 жылғы 21-27 наурыз аралығында, - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ. - "Jibek Joly" пойызы да Алматыдан жолға шығып,"Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Алматы" бағытымен қатынайды. Бұл тур 6 күнге созылады – 2025 жылғы 20-25 наурыз аралығында өтеді.

Түркістанда туристер киелі орындар мен тарихи сәулет өнерінің жауһарларымен танысады. Олардың ішінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және Ұлы Жібек жолы дәуірінің ерекше атмосферасын қайта жаңғыртқан "Керуен-сарай" кешені бар.

Ташкентте туристер Хазрати Имам тарихи кешені, Барақ хан медресесі, Әбу Бәкір Каффал Шаши және Төле би кесенелері сынды тарихи орындарды аралап, көне сәулет өнерінің сырларына қанығады. Сонымен қатар, олар "Magic City" тақырыптық саябағы мен басқа да заманауи демалыс орындарында уақыттарын қызықты өткізе алады.

Самарқанда туристер Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі және әйгілі Регистан алаңындағы Шер-Дор, Тіллә-Кари, Ұлықбек медреселерін аралап, көне өркениеттің тарихи мұраларымен жақынырақ танысады.

"Керуен Экспресс" туристік пойызының қорытынды аялдамасы – Қазақстанның көне шаһарларының бірі Тараз қаласы. Мұнда туристер өңірдің тарихи-мәдени мұралармен танысып, бай архитектуралық жәдігерлерін тамашалай алады.

Турпакет құнына комфортты туристік пойыздағы жол жүру, жоғары деңгейдегі сервис, кәсіби гидтер жетекшілігіндегі экскурсиялар, тамақтану, кіру билеттері және трансфер қызметтері қамтылған, - деп хабарлады ұлттық тасымалдаушы. - Турпакеттер туристік агенттіктер арқылы қолжетімді. "Jibek Joly" пойызының турпакеті жайлы толық ақпарат алу үшін +7 (701) 204-34-39 нөміріне, ал "Керуен Экспресс" пойызының турпакеті бойынша +7 (701) 750-40-00 нөміріне хабарласуға болады.

Следующая →