Жолдарға жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйе енгізіледі
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Көлік министрілігіне елімізде жолдардың жағдайын сақтау үшін ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелер орнатуға тапсырма берді

Егер жүк көлігінің салмағы шектен асып кеткен жағдайда, көлік жолдарға жіберілмейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Автожолдардың нормативтік жағдайын сақтау басым міндеттің бірі. Көлік министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, барлық жолдардың жағдайына қатаң бақылау жасап, ақауларды уақтылы жойып отыруды тапсырамын. Сондай-ақ ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату жұмысын жеделдетіп, нормативтен асып кеткен жағдайда, жолға шығуына рұқсат бермеген жөн, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар, Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде жол инфрақұрылымын басқаруға негіз болатын "E-Joldar" бірыңғай цифрлық платформасы енгізілетінін айтты. Платформа қолданыстағы барлық халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық автокөлік жолдары туралы ақпаратты жинауға және есепке алуға, автоматтандыруға мүмкіндік береді. Министрдің айтуынша, платформаны енгізу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.