Өскемен
облачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +17°
$
503.15
-1.29
543.3
-2.35
¥
69.21
-0.34
5.93
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды

Новости Казахстана / Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Үкімет пен басқа да құзырлы органдарға жақын арада атқарылуы керек негізгі міндеттерді жүктеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Күн тәртібіне сәйкес, жиында Премьер-Министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Астана, Шымкент қалалары мен Қызылорда облысының әкімі баяндама жасады.

Сырттағы ахуал күрделі болса да, елімізде жақсы нәтижелер бар. Ел экономикасы өсіп жатыр. Бірақ шешімін таппаған түйткілдер әлі де көп, - деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. - Қазіргі таңдағы басты мәселе мынадай. Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды. Бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін. Климатқа байланысты ұстанымдар да үлкен өзгеріске ұшырайтын болды. Мұндай жағдайда "жасыл энергетиканы" дамыту тәсілдерін қайта қарауға тура келеді. Бір жағынан, дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныс сақталады. Екінші жағынан, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтырады.

Президент қаржы саласында криптовалюталар мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастағанын тілге тиек етті. Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты технологиясы дамыған алып елдер арасында бәсеке қыза түспек. Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керектігін айтты.

Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді, - деді Мемлекет басшысы. - Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет.


Следующая →