Өскемен
малооблачно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +16°
$
537.77
-1.29
622.95
-0.80
¥
75.4
-0.29
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандайды

Қазақстанда биыл дәрі-дәрмек бағасы 10-25%-ға дейін арзандайды

Новости Казахстана / Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандайды
Фото:
pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігін енгізіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатын пациенттерді қамтамасыз ету үшін және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмыс істейтін болады,деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев

Сонда дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету құралдарының бірі бұрын дәрі-дәрмектің құнына енгізілген қосымша шығыстарды алып тастау болады. Яғни маркетинг (30%-ға дейін), көлік (15%-ға дейін) және сапаны бағалау шығындары.

Министр орынбасарының сөзінше, аналог дәрілердің бағасын түпнұсқа дәрінің құнынан 30%-ға төмендету жоспарланған.

Егер түпнұсқа препарат нарықта болмаса, отандық аналогтың шекті құны импортталатын дәрілердің орташа бағасынан аспауы тиіс. Мұндай саясат бәсекелестікті ынталандыруға және отандық өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осылайша барлық тараптардың мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, – деп түсіндірді министрдің орынбасары Ержан Нұрлыбаев.

Сонымен қатар, референттік елдердің тізімі қайта қаралды. Енді Түркия, Ресей, Польша, Беларусь және басқалары сияқты экономикалық жағынан салыстырмалы 10 мемлекет кіреді. Бұл әлемдік тәжірибені ескере отырып, бағаларды дәлірек және өзекті талдауға мүмкіндік береді.


Следующая →