Өскемен
малооблачно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -11°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    -2°
$
526.81
542.72
¥
71.85
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда 1,2 млн ауыл тұрғыны жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда

Новости Казахстана /  Қазақстанда 1,2 млн ауыл тұрғыны жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды
Фото:
pixabay.com

2024 жылы Қазақстанда 3072 елді мекеннің 1,2 млн тұрғыны "дөңгелектегі емханалардың" көмегімен дәрігерлердің кеңесі мен диагностикалық ем-шараларға қол жеткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көлік медицинасы тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың қарқынды дамып келе жатқан бағыты. Еліміздің шалғай аудандарының тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешендер де белсенді жұмыс істеуде.

Жылжымалы кешендердің көмегімен бейінді мамандар 1,2 млн консультация, 656 мың диагностикалық, 333 мың зертханалық зерттеу жүргізді. Зерттеп қарау нәтижесінде әртүрлі аурулары бар 95 мың пациент анықталды, оның 78,3%-ы ересектер, 21,7%-ы балалар. Кәсіптік тексеру қорытындысы бойынша 33,7 мың ауыл тұрғыны диспансерлік бақылауға алынды. 2024 жылы "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы 128 станцияның 104 мың тұрғынын, оның ішінде 21 000 баланы қамтыды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Медициналық пойыздың мамандары 240 мың медициналық қызмет көрсетті, оның ішінде 12 500 стоматологиялық ем-шара, 25 000 зертханалық зерттеу, 8 000 шағын хирургиялық операция және 24 000 аспаптық және диагностикалық зерттеу жүргізген. Қарап-тексеру барысында түрлі аурулары бар 5 500 пациент анықталып, оларға қажетті көмек көрсетілді,- деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.


Следующая →