Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ақтауда әуе апатыкезінде көмек қолын созған азаматтармемлекеттік наградаларға ие болды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Президент тапсырмасына сәйкес, Ақтауда әзірбайжандық Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған кезде батылдық, кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бір топ азаматтарды мемлекеттікнаградалармен марапаттап, Президенттің Алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Салтанатты шара барысында Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" орденімен ҚР Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті маманы-криминалисі Айбек Әлібаев марапатталды.
Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі "Айбын" орденімен Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Олжас Байтөре, Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімі алыс радиомаркерлік пунктінің бөлімше бастығы Нұрлан Ботағарин, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті Басқұдық ауылы № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Оңғар Серіболат, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарықызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндірубөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Мәрлен Сәркенов марапатталды. "Құрмет" ордені "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ медициналық пунктінің меңгерушісі Ирина Кочергинаға, "Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы" МКК орталығының меңгерушісі Бақытжан Қойбековке табысталды.
"Ерлігі үшін" медалімен "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары Қожабек Аллабергенов, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "Жедел құтқару жасағы" РММ құтқарушысы Манас Бағытов, "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің екіншіпилоты Әлішер Естемес, "Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" МКК фельдшері Тимур Қисаев, "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі Асхат Құдабаев, "Апаттармедицинасы орталығы" ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының фельдшері Заманбек Құбайдуллаев, "ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Астана қаласы)" ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оспан Оразбеков, "Қазаэронавигация" РМК Ақтау филиалы "Вышка" диспетчерлік пунктінің диспетчері Ярослав Толстиков, "Маңғыстау өңірлік электр-тораптық компаниясы" АҚ Ақтау электр желілер ауданының шебері Нұралы Шопанов марапатталды.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының психологы Жан Есен, "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ қызмет бастығының орынбасары Бекболат Жұмағұлов, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК Маңғыстау облысы бойынша филиалының маманы Эльдар Оразалиев марапатталды.
Сонымен қатар 51 адамға Президенттің Алғысы табысталды. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қиын сәттежедел көмекке келіп, жәрдемдескен жандарғаалғысын білдірді.
Апат орнына алғашқы болып келген "Маңғыстау өңірлік электротораптықкомпаниясы" АҚ қызметкері Нұралы Шопанов біздің орнымызда кез-келген адам болса дәлосындай қадамға барар еді дейді.Сын сағатта жедел әрекет етіп, өзгелердіңөмірін құтқаруда асқан батылдық пен адамгершілік таныттыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіз бен ерліктеріңіз өңіріміздің ауызбіршілігінің, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Маңғыстаудың қайсар да кеңпейіл жандарға толы екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Көрсеткен көмектеріңізге шынжүректен алғысымды білдіремін. Осындайбатыр жандар барда халқымыздың еңсесі биікболарына сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Фельдшер Тимур Қисаев ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл медициналық көмек көрсетті.Біз жұмыс орнымызда болатынбыз. Ұшақтың құлағанын көріп, ойланбастан жүгірдік. Тіпті ұшақтың жарылып кетуі мүмкін дегенді ойламағанда екенбіз. Ішінде адамдар болса тезірек шығарып алып, көмек көрсетсек деген ой ғана болды,- дейді Нұралы Шопанов
25.12.2025 жылы, шамамен 11 сағат 00 минут шамасында аға-дистпетчерден шақырту түсті. Әуе ұшағы апаттық жағдайда қонайын деп жатқандығы туралы айтылды. Дереу сол маңға қарай бағыт алдық. Науқастарды көріп, қарап алғашқы көмек көрсеттік. Қалған бригадаларға және аға диспетчерге хабарлап, қанша науқас бар екенін, нешеуі ауруханаға тасымалданғаны бойынша хабар жеткіздім,- дейді Тимур Қисаев.