Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -5°
  • Ақтөбе
    -13°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +1°
$
527.3
544.86
¥
71.95
4.95
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақтаудағы ұшақ апаты орнына Әзірбайжан мен Бразилиядан арнайы өкілдер келдіі

ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша Ақтауда ұшағы апатқа ұшыраған Әзірбайжанның азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі мен Azerbaijan Airlines әуе жолдарының өкілдері Қазақстанға келді

Новости Казахстана / Ақтаудағы ұшақ апаты орнына Әзірбайжан мен Бразилиядан арнайы өкілдер келді
Фото:
ҚР ТЖМ

Оқиға орнындағы жұмыстар Әзірбайжанның авиациялық билігімен тығыз ынтымақтастықта жүргізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше Қазақстанға Embraer және CENIPA (әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығы) әуекомпанияларының өкілдері келеді.

Көлік министрлігі апатты тексеру үшін арнайы комиссия құрды. Үкіметтік комиссияның құрамына Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Көліктегі апат мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, "Қазаэронавигация"РМК бас директоры Нұржан Ахметов кірді.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні Бакуден Грозныйға ұшып келе жатқан Әзірбайжанның Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оның 42-сі Әзірбайжан, 16-сы Ресей, 6-ы Қазақстан, 3-і Қырғызстан азаматтары. Оқыс оқиғадан 38 адам қаза тапты.


Следующая →