Өскемен
малооблачно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -13°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -15°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    -13°
  • Туркестан
    -2°
  • Шымкент
    -12°
$
522.49
547.88
¥
71.82
5.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл елімізде 7 мың шақырым жол жөнделеді

2024 жыл Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жөндеу, реконструкциялау және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске асырудағы маңызды кезең болды

Новости Казахстана / Биыл елімізде 7 мың шақырым жол жөнделеді
Фото:
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

Мемлекеттік бағдарлама аясында биыл 12 мың шақырым автомобиль жолдарын жөндеу және салу жұмысы басталды, оның 7 мың шақырымы жыл соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі ҚР Үкіметі ақпаратына сүйеніп.

Еліміздің негізгі өңірлері мен халықаралық көлік бағыттарын байланыстыратын төрт маңызды автожол дәлізін реконструкциялау аяқталды:

  • Еліміздің орталық және оңтүстік өңірлерін байланыстыратын маңызды буын саналатын Қарағанды – Алматы (879 км) автожолын ресонструкциялау аяқталды;
  • Қазақстанның шығысы мен оңтүстігі арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін Талдықорған – Өскемен (768 км) тас жолын рекнострукциялау аяқталды;
  • Батыс Қазақстанда көлік қатынасын жақсартуға ықпал ететін Ақтөбе – Қандыағаш (96 км) учаскесінде жұмыстар аяқталды;
  • Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын Атырау – Астрахан (212 км) автомобиль жолын реконструкциялаудың аяқталуы арқылы халықаралық көлік дәлізінің дамуына үлес қосылды.

Жалпы, 2024 жылы жол құрылысының басқа салаларында да айтарлықтай прогресс бар. Жалпы күрделі және орташа жөндеулерді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардағы жұмыстарды қосқанда, 7,5 мың шақырымнан астам жолда жұмыстар жүргізілді.

Темір жол көлігі саласында магистралды теміржол желісін жөндеу жұмыстары жалғасуда, 2024 жылы 1401 шақырымға жөндеу жүргізілді (оның ішінде күрделі жөндеу – 570 км, компоненттік жөндеу – 187 км және алдын ала жоспарлы жөндеу – 644 км), - делінген ҚР Үкіметі ақпаратында. - Сонымен қатар, биыл 143 жолаушылар вагоны, 185 локомотив және 1,5 мың жүк вагоны жаңартылды. 2024 жылдың 10 айында Қазақстанға жаңа 113 жолаушылар вагоны жеткізілді, ал жыл соңына дейін тағы 30 вагон жеткізіледі деп күтілуде.

2024 жылы туристік сегментті дамыту мақсатында "Алматы – Түркістан – Ташкент – Алматы" жаңа бағыты іске қосылды. Ол туристерді тартуға және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени алмасуды популяризациялауға ықпал етеді. Барлық экскурсияны кәсіби гидтер жүргізеді, ал жолаушылардың жайлылығы үшін заманауи автобустар қарастырылған. Бұл жоба ішкі және халықаралық туризмді дамытудағы, сондай-ақ елдер арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды ынталандырудағы маңызды қадам болды.

Өткізу қабілетін арттыру және жүк тасымалы үшін жағдайды жақсарту мақсатында жалпы ұзындығы 1,3 мың шақырым болатын төрт ірі теміржол жобасының құрылысы жалғасуда.

Олардың ішінде:

  • "Достық – Мойынты" (жұмыстар 75% аяқталды);
  • "Алматы айналма желісі";
  • "Дарбаза – Мақтаарал";
  • "Бақты – Аягөз".

Сондай-ақ биыл елімізде теңіз инфрақұрылымы айтарлықтай нығайды.

Ақтау портында жылына 300 мың ЖФБ өткізу қабілеті бар контейнерлік хаб салынуда. Құрық портында жаңа астық терминалы мен "Саржа" көпфункционалды терминалының құрылысы басталды. Бұл, өз кезегінде, транзиттік әлеуетті кеңейтіп, Қазақстан порттарының өткізу қабілетін жылына 30 млн тоннаға дейін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл жобалардың барлығы мультимодальды логистиканы айтарлықтай жақсартып, дәліздің барлық қатысушыларының үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге көмектеседі, - деп мәлімдеді ҚР Үкіметі.

Жылына 1 млн тонна қуаттылығы бар жаңа астық терминалының ашылуы Қазақстанда транзит пен логистиканы дамытудағы маңызды оқиға болды. Жоба аясында бір уақытта 28 мың тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін 18 силос салынды. Терминалдың конвейерлерінің өнімділігі сағатына 300 тонна. Бұл терминал астық экспортын, оның ішінде Қазақстан – Иран бағыты және Кавказ аймағы елдеріне жеткізу көлемін арттыруды қамтамасыз етеді. Жоба логистикалық инфрақұрылымның маңызды элементіне айналып, Қазақстанның сыртқы саудасын кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде.

2024 жылы ірі инфрақұрылымдық бірқатар жоба аяқталды:

  • Шақпақ баба асуындағы туннельдің құрылысы. Бұл жыл бойы қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп, Қазақстанның оңтүстік аймақтары арасындағы көлік қатынасын айтарлықтай жақсартты.
  • Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір Шығыс Қазақстан үшін стратегиялық маңызды нысанға айналып, өңірдегі елді мекендер арасындағы сенімді қатынасты қамтамасыз етті.
  • Шамалған стансасындағы жолайырығы теміржол мен автомобиль көлігінің қиылысын алып тастауға мүмкіндік беріп, қозғалыс қауіпсіздігін арттырды.

Следующая →