Енді Астанадан Бурабайға туристік пойыз қатынайды
Астана мен Бурабай арасында аялдамасыз қатынайтын жаңа туристік пойыз іске қосылды
Пойыз Нұрлы Жол (Астана) станциясы мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүреді, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана мен Бурабай арасында пойыз 2 сағат 26 минут жүреді.
6 вагоннан тұратын пойыз 574 жолаушыға арналған. Пойызда микроклимат жүйесі, USB-рәзетке, ойын-сауық контентіне қолжетімді Wi-Fi желісі, велосипедтерге арналған бекіткіштер бар. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін арнайы көтергіштер мен орындар қарастырылған, - деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Сонымен қатар, пойыздың тағы бір ерекшелігі - эксклюзивті аудио тур. Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты деректермен таныса алады.