Өскемен
малооблачно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    -3°
$
522.63
-2.03
548.66
-1.55
¥
71.74
-0.28
5.07
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Жібек жолы" туристік пойызы келесі сапарға қашан аттанатыны белгілі болды

Бұл жолғы бағыт – "Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Шымкент-Алматы"

Новости Казахстана / "Жібек жолы" туристік пойызы келесі сапарға қашан аттанатыны белгілі болды
Фото:
"Жолаушылар тасымалы" АҚ

Турдың ұзақтығы – 5 күн, 2025 жылдың 2-7 қаңтар аралығында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Түркістан қаласында жолаушылар бір күн бойы тарихи орындарды аралайды. Экскурсия бағдарламасына Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Отырар музейі және басқа да маңызды мәдени мұралар кіреді. Ташкентте туристер Хазрати-Имам тарихи кешені, Барақ хан медресесі, Әбу Бәкір Каффали Шаши кесенесі және Төле би ескерткішін көріп, заманауи "Magic City" саябағы мен өзге де көрнекті орындарды тамашалайды, - делінген хабарламада.

Самарқандағы бағдарлама аясында жолаушылар Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі және атақты Регистан алаңын аралап, ондағы Шер-Дор, Тилля-Кари және Улугбек медреселерін көреді. Сонымен қатар, саяхат барысында жолаушылар Шымкент қаласының басты көрнекі орындарын тамашалап, өңірдің бай тарихи және мәдени мұрасымен танысады.

Туристік пакет құнына жайлы туристік пойызда сапарлау, кәсіби гидтердің жетекшілігімен өтетін экскурсиялар, көрікті жерлерге кіру билеттері мен трансфер қызметтері кіреді.

Турпакеттерді туристік агенттіктерден сатып алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін келесі WhatsApp нөмірлеріне хабарласыңыз: +7 (701) 204-34-39, +7 (775) 942-94-95.

Следующая →