Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 2-орында

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионаты аяқталды

Новости Казахстана / Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 2-орында
Фото:
ҚР Спорт комитеті

Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлде бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Таиландқа ең мықты боксшыларды жіберді. Олардың қатарында жазда Париждегі Олимпиадада шаршы алаңға шыққандар да бар. Алайда Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев секілді спортшылар жарақаттарынан айығып жатқандықтан, бұл турнирге қатысқан жоқ.

Финалға Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы шыққан.

Азия чемпиондары:

  • 54 келі. Махмұд Сабырхан
  • 86 келі. Бекзат Нұрдәулетов
  • 92 келі. Сағындық Тоғамбай
  • +92 келі. Айбек Оралбай

Күміс жүлдегерлер:

  • 48 келі. Санжар Тәшкенбай
  • 57 келі. Оразбек Асылқұлов
  • 67 келі. Дулат Бекбауов
  • 71 келі. Абылайхан Жүсіпов
  • 75 келі. Диас Молжігітов

Қола жүлдегер:

  • 80 келі. Ерасыл Жақпеков

Жүлде кестесінде Қазақстан 2-орынға жайғасты, 1-орында Өзбекстан (сегіз алтын, екі күміс және бір қола) тұр. Үздік үштікті бір алтын, бір күміс және үш қола медальмен Тәжікстан түйіндеді.

Следующая →