Адам папилломасы вирусына қарсы екпе 84 мыңға жуық жасөспірімге салынды
Елімізде инфекциялық және онкологиялық аурулар алдын алу ұлттық бағдарламасының шеңберінде қазан айында қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпе алу бойынша ауқымды науқан басталған
Бүгінгі таңда Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпе 11-13 жас аралығындағы 83,7 мыңнан астам қызға егілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
АПВ бұл жатыр мойны обыры мен бірқатар онкологиялық аурулардың дамуымен байланысты ең көп таралған вирустардың бірі. Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдердің арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші және 25-44 жастағы әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады.
Ресми деректер бойынша, Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 2000-ға жуық жағдайы анықталады. Бұл 600-ден астам әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін емес. ҚазОРҒЗИ зерттеуінің нәтижелері бойынша жатыр мойны обырының 74,2% жағдайында биопсиялық материалда адам папилломасы вирусының (АПВ) 16 және 18 онкогендік түрлері анықталды.
Қазақстанда екпелер мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша вакцинациялау тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін. Вакцинацияланғандардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Жатыр мойнының обыралды зақымдануын төмендетуде вакцинацияның жоғары тиімділігі АҚШ, Аустралия, Канада, Дания, Ирландия, Швеция, Финляндия, Жаңа Зеландия, Шотландия және т. б. сияқты елдерде көрсетілді, - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерді пайдалануды ұсынамыз: egu.kz сайты және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санэпидбақылау комитетінің, Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының, КСЭК аумақтық бөлімшелерінің және денсаулық сақтау басқармаларының ресми парақшалары. Сондай-ақ, халықты иммундау мәселелері бойынша 7701 колл-орталығы жұмыс істейді, онда АПВ-ға қарсы вакцинациялауды қоса алғанда, Қазақстанда жүзеге асырылатын жоспарлы егулер бойынша сұрақтарға жауап алуға болады.