Қазақстандағы мектеп асханаларына жаңа ас мәзірі енгізіледі
Денсаулық сақтау министрлігі мектептер оқушыларды сапалы тамақтандыруы үшін жаңа ас мәзірін ұсынды
Тағамдардың әртүрлілігін қамтамасыз ету үшін төрт апталық маусымдық мәзір (жаз-күз, қыс-көктем) құрастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мектептерде екі түрге негізделген тамақ мәзірі болады. Біріншісі - стандартты мәзір. Екіншісі - көп профильді өз еркімен тағам таңдап алу мүмкіндігі бар мәзір мен түскі ас пакеттері. Барлық жастағы оқушылар белгіленген кесте бойынша тамақтануы тиіс. Қант пен тұзды тұтынуды шектеу үшін қатаң ережелер белгіленді.
Сонымен қатар, мектептердегі мәзірде мына тағамдарға рұқсат етілмейді:
- сүзбе
- айран
- фаршталған құймақ
- кілегей қосылған кондитерлік өнімдер
- саңырауқұлақ
- фастфуд
- ыстық соус
- кетчуп
- кофе және т.б
Сондай-ақ жаңа мәзір бойынша ерекше диеталық қажеттіліктері бар оқушыларға арналған тамақтану талаптары сақталатын болады.