2025 жылы зейнет жасы қалай өзгереді?
Көпшіліктің көкейінде келесі жылы зейнет жасына байланысты өзгерістер болатын-болмайтыны туралы сұрақ туындауда
Фото:
Устинка LIVE
2025 жылы зейнет жасы өзгеріссіз қалады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Яғни, ер азаматтар зейнетке 63 жасында, әйелдер 61 жасында шығады.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ, әйелдердің зейнет жасы 2027 жылдың соңына дейін осы деңгейде қалатынын мәлімдеді.
Бірақ 2028 жылдан бастап зейнетақы реформасы аясында ол біртіндеп ұлғаяды:
- 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа дейін
- 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа дейін
- 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа дейін
Тек 2031 жылдан бастап әйелдер үшін бірыңғай зейнет жасы – 63 жас болып белгіленеді.