Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Есірткі бизнесіне қатысы бар құқыққорғаушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды

Бұл ұсынысты "AMANAT" партиясының фракциясы білдірді

Новости Казахстана / Есірткі бизнесіне қатысы бар құқыққорғаушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды
Фото:
amanatpartiasy.kz

Мәжілісте "AMANAT" партиясы фракциясының жиыны барысында депутаттар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселесін қарады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жиын барысында есірткі саласына қатысты заңнаманы қайта қарау, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға тағайындалатын жазаны қатаңдату мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам дертіне айналған осы қатерлі індетке, яғни есірткіге қарсы күрес жүргізу қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын. Атап айтқанда, Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Президент есірткі өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту міндетін қойып, олардың әрекетін аса ауыр қылмыстарға теңестірді.

"AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, есірткі айналымына қарсы іс-қимыл бойынша түзетулер әзірленіп, ол бірінші оқылымда қабылданған. Атап айтқанда, есірткі қылмысының, әсіресе есірткі өндірушілер мен "наркобарондардың" жазасын қатаңдату ұсынылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, ірі есірткі қылмыскерлері мен ұсақ есірткі жеткізушілеріне бірдей көзқарас танытуға жол берілмейді. Бүгінде есірткі қылмысы үшін сотталған 4 мыңнан астам адамның 1300-ге жуығы ұсақ есірткі жеткізушілер. Сондықтан Мәжіліс спикері алғаш рет қылмыс жасаған есірткі тасмалдаушылардың жазасын жеңілдетуді ұсынды.

Олардың арасында жасөспірім балалар, қаржы қыспағына іліккен жастар көп. Аталғандардың алды 10 жылдан астам бас бостандығынан айырылып отыр. Шынтуайтында, оларды осы заңсыз іске тартқан есірткі өндірушілер мен закладчик-жеткізушілердің жазасы пара-пар емес. Сондықтан Мемлекет басшысы айтқандай, олардың әрқайсысын бөлек қарап, жазаларының деңгейін заң жобасының екінші оқылымына дейін қарастыру қажет. Бұл ретте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар құқық қорғаушыларды наркобарондарға теңестіруді және оларға өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін ең ауыр жаза қолдануды ұсынамыз, - деді "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері бүгінде Қазақстан есірткіні заңсыз тұтыну деңгейі жоғары елдердің қатарына кіретінін айтты. Жыл басынан бері 1 тоннадан астам синтетикалық есірткі тәркіленген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 56%-ға жоғары көрсеткіш.

Ерлан Қошанов есірткі қылмыскерлері жаңа ақпараттық технологияларды белсенді қолданатынына назар аударып, кибербақылау жүйесін күшейту аса маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар, халық арасында әсіресе жастар арасында түсіндіру жұмысы айтарлықтай ақсап тұрғанын айтты.

Жас азаматтар жеңіл жолмен ақша табуды ойлап, тағдырына балта шабады. Олар есірткі таратқаны, "закладка" жасырғаны үшін 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылу қаупі бар екенін білмей, түрмеге түседі. Өткен апта басында "Закладка" деректі фильмі жарыққа шықты. Оны осы уақыт аралығында миллиондаған адам көрді. Мұндай фильмдер мектептерде, колледждерде және университеттерде көрсетіліп, есірткінің қаупін алдын алу қажет. Мектептен үнемдегендер түрме тұрғызады деп бекер айтылмаған. Бүтіндей бір ұрпақтың шыңырауға құлауына жол беруге болмайды, – деді Ерлан Қошанов.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты, "AMANAT" фракциясының мүшесі Снежанна Имашева есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Халық қалаулылары 50-ге жуық түзетулер енгізді, құжат сарапшылармен, ҮЕҰ өкілдерімен және Мәжіліс жанындағы қоғамдық палата мүшелерімен кеңінен талқыланды.

Біз Қылмыстық кодекске есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз өндіру, прекурсорлардың заңсыз айналымы және өзге де әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін бірқатар өзгерісті тұжырымдамалық түрде мақұлдадық. Бұл ретте, қоғамдық емес орындарда есірткі құралдарын медициналық тұрғыдан тыс пайдалануға тыйым салу белгіленді. Заң жобасын қабылдау нашақорлыққа, жалпы есірткі бизнесіне мемлекеттік және қоғамдық қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді, - деп атап өтті "AMANAT" фракциясының мүшесі Снежанна Имашева.

Фракция жиынында ішкі істер министрі Ержан Сәденов жыл басынан бері 3,5 мың есірткі қылмысы тіркелгенін айтты. Министрдің сөзінше, синтетикалық есірткілердің таралу көрсеткіші артып келеді. Егер 5 жыл бұрын заңсыз айналымнан 10 кг синтетика тәркіленсе, биыл бұл көрсеткіш 1,3 тоннаға жеткен. Мұндай есірткі көбіне интернет арқылы сатылады. Сондықтан тәртіп сақшылары сайттар мен Telegram-арналардағы жарнамаларды бұғаттау үшін "Кибербақылау" жүйесін қолдануда.

Ұлттық құрылтай мүшесі, адвокат Айман Омарова ірі есірткі өндірушілер мен делдалдарға тағайындалатын жазаның теңдей болуы маңызды екенін атап өтті. Ол қазіргі түзету жүйесінің тиімділігіне қатысты мәселе қозғап, оның қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулаумен ғана шектеліп, оларды тәрбиелеуге тым аз ықпал ететінін айтты.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов барлық ұсыныс ескерілген заң жобасы Мәжілістің алдағы пленарлық отырысында талқыланатынын мәлімдеді.

Следующая →