"Қазақ аруы – 2024" жеңімпазы анықталды
Қазақ аруларын дәріптейтін ұлттық байқау биыл 14-ші рет өткізілді
Шығыс Қазақстан облысының намысын әнші Назигуль Камбархан қорғады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Белгілі продюссер Баян Алагузованың ұйымдастыруымен өткен "Қазақ аруы" байқауының қорытындысы белгілі болды.
"Қазақ аруы-2024" жеңімпазы болып Қызылорда облысынан келген 17 жастағы Ақкербез Ысқақова атанды. Ол алтын тәж мен арнайы тіктірілген дизайнер Аида Кауменованың шапанмен марапатталды. Ақкербезге көрермендердің 30,04 пайызы дауыс берген.
Биылғы байқаудың ерекшелігі жеңімпазды халық дауыс беру арқылы анықтады. Бұрын шешімді қазылар алқасы қабылдаған болатын.