Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +24°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?

9 айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды құрады

Новости Казахстана / Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?
Фото:
Устинка LIVE

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218 адамды құрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам.

2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамды құрады, - деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы. - Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға 25,04 адам), Маңғыстау облысында (24,84) және Шымкент қаласында (23,68) байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында (1000 тұрғынға 11,52), Шығыс Қазақстан облысында (11,32) және Қостанай облысында (10,12) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.

2024 жылғы қантар-қыркүйекте елге келгендер саны 20 383 адамды, елден кеткендер саны 10 201 адамды құрады. Көші-қон айырымы – 10 182 адам.

Ресми дерекке сүйенсек, ШҚО халқының саны 724,8 мың адамға жетті. Оның ішінде 484,8 мың адам (66,9%) қалада тұрса, 240,0 мың адам (33,1%) ауыл тұрғындары.

Следующая →