Елдің басым бөлігінде күн жылиды
Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады
Фото:
Устинка LIVE
Қазақстанның басым бөлігінде Атлант циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
1 қарашада республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжануда. Елдің батысында +12+17°С, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С, ал таулы аймақтарда +3+8°С, - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.