Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Енді оқушылар аптасына 5 күн оқитын болады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі барлық мектепті 5 күндік оқу жүйесіне көшіруге пәрмен берді

Новости Казахстана / Енді оқушылар аптасына 5 күн оқитын болады
Фото:
24.kz
Сонымен қатар, кейбір пәндер де қысқартылмақ, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Дамыған елдердің көбінде 5 күндік, тіпті 4 күндік оқу жүйесі енгізілген. Сабақ қысқарған кезде білім беру нәтижесі жақсаратынын ғалымдар дәлелдеді. Өйткені, балаға өзін қалпына келтіруге, педагогқа демалып, сабаққа дайындалуға мүмкіндік беріледі. Сондықтан бізге де осы жүйеге көшу керек.

Оқушыларды ғана емес, ел мұғалімдерін қуантып қойған бастама жүзеге асса, балалардың оқу үлгерімі де жақсарады деген үміт бар. Ал, президент бұдан бөлек, мектепте оқытылатын пәндерді де қайта қарап шығуды жүктеп отыр. Сөйтіп саны көп сапасы жоқ сабақтарды оқытып, ұл-қыздардың миын ашытқанша қажетсіз пәндерді біріктіруге пәрмен берді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Тапсырма берілді. Енді сол тапсырманы іске асыру үшін қазір жұмыстарымызды бастаймыз. Бір-екі жетінің ішінде ашық түрде ресми түрде өзім түсіндіріп беремін. Жарай ма? Жобаларымызды дайындайық.

Бұл жаңалықты естіген мұғалімдер де бастаманы қуана қолдап отыр. Өйткені, алты күн сабақтан бас алмайтын оқушылардың шығармашылықпен айналысуға уақыты жоқ дейді ұстаздар.

Шәрбану Күдерина, Астана қаласы №4 мектеп-гимназияның мұғалімі:

- Бес күндік сабақтың болғаны оқушылар үшін тиімді ең бірінші. Себебі оқушылар ата-анасымен көбірек сенбі күні болады. Мұғалімдер үшін де тиімді. Себебі ол күндері мұғалімдер ең бірінші шығармашылықпен айналысады әрі өздерінің отбасыларына да қарайды.

Білім министрлігі, 5 күндік сабақты көп күттірмей, биылдан бастап енгізуге дайын. Әзірге, 1-ші сынып оқушылары үшін. Кейін бір-бірте бұл жүйеге барлық мектеп көшірілмекші.
Следующая →
Тақырыптар: ҚР Білім Бес күндік