ШҚО-ның кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ мамандары автокөлік жүргізушілеріне жолда абай болуды ескертті
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәліметті арнайы байланыс орталығы арқылы білуге болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
22 қазанда Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Абай және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, - деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ. - Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.