Өскемен
облачно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +11°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +4°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +10°
$
484.19
+2.51
524.28
+1.80
¥
68
+0.28
5.03
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандағы қаржы пирамидалары халыққа 20 млн шығын келтірді

Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық істі тергеді

Новости Казахстана / Қазақстандағы қаржы пирамидалары халыққа 20 млн шығын келтірді
Фото:
Depositphotos.com

Олар халыққа 20 млрд теңгеге жуық шығын келтірген, оның 12 млрд теңгеден астамы өтелді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы енгізілді. Агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілерге талдау жасайды.

Мәселен, Алматыда "HitBeatMusic" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, - деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз қызметі. - Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан. Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15%-на дейін пайдасын уәде еткен. Келтірілген залал сомасы 255 млн теңгені құрайды. Сот үкімімен күдіктілер кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Ағымдағы жылы қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,5 мыңнан астам сайт сілтемелері бұғатталды. "WhatsApp", "Telegram" мессенджерлері мен "Instagram" әлеуметтік желісінде 292 чат бұғатталған.

"Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері "Qnet", "World Business Consulting", "Finiko" "Antares"/"Antares Trade", "Sincere Systems Group"/"S-Group", "Hermes LTD", "Life is good", "Chia Tai Tianding"/"Chia Tai Pharmaceutical" "Energy Eolus Oazqstan"/"Eolus" сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызға болады.

Кез келген адам қандай да бір компанияны телеграм бот арқылы тексере алады.

Сонымен қатар, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ұсталған барлық жалған жобалардың тізімі агенттіктің сайтында жарияланған.

Следующая →