Назым Қызайбай әйелдер құрамасының капитаны атанды
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны өтті
Жиын аясында бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өтіп, құрама капитаны анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазақстан бокс федерациясы ақпаратына сүйенсек, спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды.
Айта кетерлік жәйт, қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындалуда. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.