Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарға ескерту жасады

БЖЗҚ қазақстандықтарға қор клиенттеріне қатысты алаяқтық фактілері көбейіп кеткенін ескертті

Новости Казахстана / Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото:
Устинка LIVE

Алаяқтар салымшылар мен алушыларға қор қызметкері болып қоңырау шалып жүр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Соңғы кездерде алаяқтар әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап тапқан. Соның бірі – салымшылар мен алушыларға қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары қате жасалғандығы, сол үшін бөлімшеге бару қажеттігі және SMS арқылы электронды брондауға мүмкіндік бар екені туралы айтылады. Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар сіздің банктік шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қол жеткізе алады, - деп ескертті "БЖЗҚ" АҚ

БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайтынын еске салады. Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай код бермей, бейтаныс сілтемелерге өтпеуді ескертеді.

Барлық сауалдарыңызға жауапты БЖЗҚ бөлімшелерінен де, қашықтықтан да ала аласыз:

  • enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы

  • байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көп арналы тегін байланыс

  • +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp

  • БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х (Twitter) және Instagram парақшалары

Следующая →
Тақырыптар: БЖЗҚ Алаяқтық Ескерту