Антикор қызметкерлерінің атынан жалған парақша ашып алған
Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, азаматтарға жіберіп жүр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтардың әрекетінен абай болуды ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді.
Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, азаматтарға жіберіп жүр. Бұл жалған ақпараттарға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыз, - деп ескертті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.