Елде референдум бойынша дауыс беру аяқталды
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де тоқтатылды
7,8 млн-нан астам азамат өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясы ақпаратына сүйеніп.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87% -і бюллетень алды.
Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша халықтың 73,79% дауыс берген.
Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.
Жалпы елімізде 10 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Ал дауыс беру құқығына ие 12 244 683 адам бар. Қазақстан аумағынан тыс 59 елде 74 референдум учаскесі құрылды.