Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +20°
$
481.84
531.33
¥
68.66
5.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық банк бейбітшілікке үндейтін жаңа коллекциялық монеталар шығарды

"Жүректен жүрекке" монеталар сериясынан Shańyraǵyńyz shattyqqa tolsyn коллекциялық монеталары бүгіннен бастап айналымға шықты

Новости Казахстана / Ұлттық банк бейбітшілікке үндейтін жаңа коллекциялық монеталар шығарды
Фото:
nationalbank.kz

Монеталар Ұлттық банктің https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Shańyraǵyńyz shattyqqa tolsyn коллекциялық монеталары әлемде бейбітшілік орнасын, әр отбасына береке келсін деген идеяны насихаттайды. "Шаңырағыңыз шаттыққа толсын" – бейбіт заманда тату-тәтті өмір сүр, әр отбасында тыныштық болсын, жылулық ұяласын деп күллі адамзатқа айтылған ізгі тілек, - деп түсіндірді Қазақстанның Ұлттық банкі.

Монеталар күмістен жасалған. Сынамасы – 925/1000. Монета массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Следующая →