ШҚО-да қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ республикалық автожолдардағы ауа райы туралы ақпарат жариялады
Автокөлік жүргізушілерінен жол жүру ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
СҚО мен Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жауын күтілуде, таулы аймақтарда қар түсуі мүмкін, - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ.
Көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрады.