Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шольц Тоқаевтан Украинадағы жағдайды реттеуге байланысты пікірін сұрады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Федералдық канцлері Олаф Шольц шағын құрамда келіссөз жүргізді

Новости Казахстана / Шольц Тоқаевтан Украинадағы жағдайды реттеуге байланысты пікірін сұрады
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Германия Үкіметі басшысының бұл сапарының тарихи мәні зор, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Германия Үкіметінің басшысы соңғы 14 жылда елімізге алғаш рет сапармен келіп отыр. Сондықтан бұл қадамыңыздың тарихи мәні зор. Екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және тауар айналымының көлемін ұлғайтуға тың серпін береміз деп сенемін. Германия – біздің Еуропадағы, тіпті жаһандағы негізгі серіктесіміз. Бұл – өте маңызды. Біз қарқынды дамып келе жатқан көпқырлы ықпалдастығымызға баса мән береміз. Өзара байланыстарымызды одан әрі тереңдетуге және нығайтуға барлық жағдайды жасаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әңгімелесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарын нығайту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, энергетика, "жасыл" трансформация, өнеркәсіп, тау-кен өндірісі, көлік-логистика, климаттың өзгеруі, экология, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы ықпалдастыққа айрықша мән берілді.

Сонымен қатар, Олаф Шольцтің өтінішімен Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге байланысты пікірін жеткізді.

Әскери тұрғыда Ресейдің жеңілмейтіні анық. Соғыс бұдан әрі өрши берсе, барша адамзатқа, ең алдымен, Ресей-Украина қақтығысына тікелей қатысы бар мемлекеттерге салдары өте ауыр тиеді. Өкінішке қарай, Ыстанбұл келісімін бекітуден бас тартып, татуласуға қол жеткізетін оңтайлы мүмкіндікті уыстан шығарып алды. Дегенмен бейбітшілік орнатуға әлі де мүмкіндік бар. Түрлі мемлекеттердің барлық бейбіт бастамаларын мұқият қарап, әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы келісімге келу керек. Содан кейін территориялық мәселелерді талқылаған жөн. Біздіңше, Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспары қолдауға тұрарлық. Мемлекеттер басшылары келеді, кетеді. Ал халық, әсіресе көршілес халықтар бейбіт әрі бір-бірімен түсінісіп өмір сүруі керек. Қазақстанның Ресеймен дүние жүзі бойынша құрлықтағы ең ұзын шегенделген шекарасы бар. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында дамып келеді. Қазақстандықтар украин халқы мен оның төл мәдениетіне шынайы құрметпен қарайды. Қазақстан мен Украина арасында ешқандай келіспеушілік болған емес. Киевте Елшілігіміз әлі де жұмыс істеп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Следующая →