Енді әйелдер боксы да қорғаныш бас киімінсіз өтетін болады
Польшада әйелдер боксынан халықаралық турнир аяқталды. Бұл - арнайы бас киімсіз өткен алғашқы жарыс
Қазақстан бокс федерациясының бұдан былай әйелдер боксында да спортшылар шаршы алаңға қорғаныс бас киімсіз шығатынын еске салды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазақстанда бұл өзгеріс 22-28 қыркүйек Қарағандыда өтетін “Мықтылар турнирінен” бастау алады. Аталмыш жарыста жеңіске жеткен боксшылар әрі қарай Азия чемпионатына іріктеледі. Бұл біріншілік те жаңа ереже бойынша өтеді.
Бастапқыда қобалжу болды, бірақ жекпе-жек басталып кеткен соң тіпті байқамай да қалдым. Арнайы бас киімсіз ыңғайлы да сияқты, ешнәрсе алаңдатпайды. Британдық боксшымен кездестіп, көп соққым қарсыласқа тиді, белсенді болдым, бірақ төрешілердің шешімі басқа еді. Дегемен, бұл - мен үшін жақсы тәжірибе болды деп ойлаймын, - деді Польшадағы жарысқа қатысқан Анастасия Баязитова.