Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көшпенділер ойындары: қазақстандықтар бәйгеден ешкімге дес бермеді

Қазақ жүйріктері ұшқыр бәйге, құнан бәйге, топ бәйге, жорға бәйгеден де қанжығаларын майлады

Новости Казахстана / Көшпенділер ойындары: қазақстандықтар бәйгеден ешкімге дес бермеді
Фото:
t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Бүгін Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтыншы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ұшқыр бәйгеден 1600 метр жеңімпаздары анықталды. 1600 метрлік тызетпеде мәре сызығын әйгілі Кабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің "Шағала" атты жүйрігі бірінші болып кесті. Екінші орында Қазақстанның тағы бір жүйрігі "Арлан" иеленсе, үздік үштікті де еліміздің жүйрігі "Струна" түйіндеді, - деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Сондай-ақ, ұшқыр бәйгеден 2400 метрлік аралықта шапқан 5 дөненнің (3 жасқа дейінгі) арасында желтұяғы анықталды. 2400 метрге шапқан сәйгүліктер арасында да алғашқы үштікті Қазақстан жүйріктері иеленді. Мәре сызығын алғашқы болып "Берил Рэйсер" келсе, екінші орынды "Адай" иеленді. Ал үздік үштікті "Роузлайн" түйіндеді.

Ұшқыр бәйгеден 3200 метрлік жарыс жолына шыққан дөненнен жоғары жастағы (4 жасар және одан жоғары) аттардың арасында үш жүлдені де қазақстандық жүйріктер алды, - делінген ақпаратта. - 3200 метр қашықтықта сынға түскен 7 сәйгүлік арасында алғашқы үштікті тағы да Қазақстан жүйріктері ұтты. Мәре сызығын бірінші болып "Лайф’с Э Бриз" кессе, екінші орынды "Уэст Кост Найт" иеленсе, үздік үштікті "Аляска Тайгер" түйіндеді.

Ал "Құнан бәйге" жарысында қазақстандық үш ат жүлде алды. Бұл бәйгеде Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия мемлекеттерінен 15-тей құнан бақ сынады. 11 шақырымға созылған дүбірлі додада жеңімпаз болған құнандар:

1-орын: "Қамысқұлақ", шабандозы – Амир Серік, ат иесі – Біржан Шаймерденов, бапкері – Қуаныш Шақанбаев (Қазақстан)

2-орын. "Айшуақ", шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан)

3-орын. "Бақторы", шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейсбаев, бапкері – Әділет Ноқатай (Қазақстан).

Топ бәйгеде екі сәйгүлік қана мәреге жетті. Жарыс жолына шыққан 20-ға жуық жүйріктен мәре сызығын екі-ақ жүйрік кесті. Қазақстанның үш сәйгүлігі жүлделі орындарға ие болды.

18 шақырымға жалғасқан топ бәйгеде 19 жүйрік жарыс жолына шығып, 3 ат қана мәреге жетті. 1-орын: Холибой, шабандозы Бақтыбай Сержан, бапкері Медет Ералимов, ат иесі Едил Буралкиев (Қазақстан); 2-орын: Зымыран, шабандозы Арнат Мұратхан, бапкері Табылдиев Нұржігіт, ат иесі Табылдиев Нұржігіт (Қазақстан); 3-орын: Кемеңгер, шабандозы Жанболат Марден, бапкері Саламат Ахметов, ат иесі Бекболат Серікбеков (Қазақстан), - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

9 шақырымдық жорға бәйгеде Қазақстан сәйгүлігі екінші келді. Жорға жарысқа 18 шабандоз қатысты. Қырғызстандық "Чиксон Лок" мәре сызығын бірінші болып кесті. Қазақстан сәйгүлігі "Ақ-жауын" екінші болып келсе, қырғыз тұлпары "Императрица" үштікті түйіндеді. 

Следующая →