Өскемен
малооблачно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +22°
$
479.38
531.63
¥
67.58
5.27
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін Паралимпиадада қос жүлде бұйырды

Отандастарымыз пара дзюдодан бір күміс, бір қоланы Қазақстан қанжығасына салды

Новости Казахстана / Бүгін Паралимпиадада қос жүлде бұйырды
Фото:
t.me/sport_comiteti

Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері, Ерғали Шәмей күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Спорт комитеті ақпаратына сүйеніп.

Пара дзюдодан J2 санаты бойынша 57 келідегі Даяна Федосова қола жүлде үшін белдесуде Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын жеңіп, ел қоржынына кезекті жүлдені салды.

Бұл – пара дзюдодан ұлттық құрама спортшыларының Парижде жеңіп алған екінші медалы. Кеше Ақмарал Науатбек Парижде Әнұранымызды шырқатып, ел мерейін өсірген еді. Даянаны Паралимпия ойындарының жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймын! Жерлесіміздің алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспін, - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Артынша пара дзюдодан J1 санатында 73 кг салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шәмей финалдық белдесуде румыниялық балуан Флорин-Александр Бологаға жол беріп, Париж Паралимпиадасының  күміс жүлдегері атанды.


Следующая →