Құс шаруашылығы назардан қалып бара ма?

Бір кездері толығымен ақталып тұрған құс шаруашылығына қазір билік тарапынан аз көңіл бөлінетін болды
26 шілде 2017 года, 12:04 200 Айым Касембаева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Құс шаруашылығы назардан қалып бара ма?
Ақпарат көзі: © Алдаспан Фото: © автордікі

Бұл шаруашылықтың қарқынды жұмысына кері әсерін тигізуде. Аталмыш мәселелер «Өскемен құс фабрикасында» «Ақ жол» партиясының депутаты Берік Дүйсембиновпен кездесу барысында айтылды.

Құс шаруашылығы өзге шаруашылықтарға қарағанда өзіне бөлінген субсидияларды үнемі ақтап отырғанына қарамастан, биыл бұл шаруашылыққа субсидия мүлдем аз бөлінген көрінеді.

- Құс асырауға бөлінетін субсидия көлемі 2015 жылы 18 млн, 2016 жылы 17 млн болса, 2017 жылы екі есеге азайды. Ал өзге мал шаруашылықтарына бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын өсіп келеді, - деді Өскемен құс фабрикасының бас директоры Бейбіт Айдаров.

Фабрика Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратына сүйене отырып жүргізген мониторингі нәтижесінде сиыр сүтіне, мал шаруашылығына бөлінетін 63-65 млн субсидияның ақталуы көңіл көншітпейтіні белгілі болды.

- Құс өсіуге салынған субсидия нәтижелі жемісін беріп, өнім өндірісі 186 пайызға, құс жұмыртқасы бойынша 59 пайызға өсім көріп отырмыз, - деп атап өтті Өскемен құс фабрикасының бас директоры Бейбіт Айдаров.

Құс шаруашылығына салынған қаражат толығымен ақталып отыр. Себебі Қазақстандағы құс еті елдегі ет тұтынысының 50 пайызын жауып отыр.

Сонымен қатар, соңғы жылдары субсидияны бөлумен облыстық басқармалар айналысатын болды. Бұл, әсіресе, шығысқазақстандық құс фабрикаларының жұмысына кері әсерін тигізуде екен.

- Субсидия көлемі «Атамекен» ҰКҚ арқылы нақтыланады. Бір жылға сұранысымыз 23 мың тоннаны, яғни, 1 млрд 884 млн теңгені құрады. Бұл 10 мың тоннаға берілген өтінім. Алайда, біз сұранысымыздың тек 41 пайызын, яғни, 345 млн теңгесін ғана ала алдық, - деп қынжылды Өскемен құс фабрикасының бас директоры Бейбіт Айдаров.

Айта кету керек, еліміз бойынша ең аз субсидия Шығыс Қазақстан облысына бөлініп отыр. Мысалы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының құс фабрикалары сұраған субсидияларын 100 пайызға, Жамбыл облысында 81 пайызға дейін алып отыр. 


ТАЛҚЫЛАУ

Басылымға пікірлер жазар алдында, алдымен сайт шарттарымен танысыңыздар. Біз сіздерге әңгімелесушіні құрметтеу керек екендігін естеріңізге саламыз.
жоғарыға