Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

2017 жылдан бастап Қазақстандағы барлық автокөліктер "ЭРА-ГЛОНАСС" жүйесімен жабдықталуы керек

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда, Белоруссияда, Ресей, Қырғызстан және Арменияда қолданысқа берілген автокөліктердің барлығы "ЭРА-ГЛОНАСС" жүйесінің болуы міндетті болмақ

Motor.kz сайты хабарлағандай, Кедендік одақтың «Дөңгелекті транспорт құралы қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламенті бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі қолданысқа берілетін транспорт құралдары жедел алдын-алу қызметін шақыру құрылғыларымен (жүйесімен) жабдықталу міндетті: М және N санатына кіретін транспорт құралдарының барлық түрі (моделі), тек 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген деген алынған рұқсатнама болса транспорт құралдарына орнатылмайды; М және N санатына кіретін барлық бірыңғай транспорт құралдары.

Бұл талаптар Кеден одағының бірыңғай кедендік территорияға кіргізілетін автокөліктерге таратылады: өз қажетіне керек физикалық тұлғаларға; Кедендік одақ мүшелігіне кірмейтін елдердің жол қозғалысына бұрын қатысқандарға, егер дайындалған уақытынан үш жыл өткен болса.

Жедел алдын-алу қызметін шақыру құрылғысы жедел шақыру тұтқасын басқаннан кейін немесе  автоматты түрде қосылғаннан кейін, өзге де жол-көлік оқиғалары орын алған соң, транспорттық құрал туралы, оның сол сәттегі жағдайы туралы, бағыты мен қозғалу жылдамдығы туралы хат жолдауды қамтамасыз етеді.

Еуразиялық экономикалық одақ шекарасындағы жедел алдын-алу қызметінің қажетті ақпараттық-навигациялық инфрақұрылымы бар жалғыз операторы ресейлік "ЭРА-ГЛОНАСС" жүйесі болып табылады.

Мұнымен қоса 2017 жылы Қазақстанға арналған осыған ұқсас ЭВАК жүйесін пилоттық режимде қосу жоспарлануда. Осыған дейін айтылғандай, ЭВАК жол-көлік оқиғалары туралы жедел алдын-алу қызметкерлерін ақпараттандыруға арналған "ЭРА-ГЛОНАСС", «ЭРА-РБ» және еуропалық "eCall" жүйелерімен синхрондалады.

 
Следующая →