Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Суррогат ананың құны қанша?

ШҚО-да жақында ғана дау тудырған азаматтық сот ісі аяқталды. Дәрігердің қателігінен зардап шеккен Көкпекті ауданының тұрғыны суррогат ана жалдау үшін аудандық ауруханадан 6 млн теңгені өндіріп алған

Осыдан он шақты жыл бұрын суррогат ана туралы ілуде бір дерек естісек, қазір ашық түрде жарияланатын болды. Себебі осы мәселеге қатысты барлық мән-жай заңмен (1998 жылдан бері) реттеліп қойған. Нақты айтқанда, еліміздің "Неке және отбасы туралы" заңында суррогат ана дегеніміз - суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бiтiру, оны көтеру және тууды айтады.


Өмірдің бір қызығы бала деген...

Елімізде сәбидің үніне зәру болып жүрген отбасылар көп. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, жыл сайын қазақстандық жұптардың 15 пайы­зы бедеу деп танылады екен. Олардың тек 8 мыңға жуығына ғана жасанды ұрықтандыру жолы көмектесе алады. Осыдан үш жыл бұрын республикада бала сүю бақытынан айырылған 350 мыңнан астам отбасы тіркелген. Ал бейресми деректер қаншама?!

- Шығыс Қазақстан облысында барлығы 662 бедеу жұп жасанды жолмен ұрықтандыруға кезекте тұр. Оның 361-і Өскемен қаласындағылар, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова.

Маманның айтуынша, жасанды жолмен ұрықтандыруға биыл облысқа небары 65 квота бөлінген. Демек, мемлекеттің есебінен жасанды ұрық жасатуды кезектегі жұптардың тек оннан бірі ғана ала алады.

Отбасын сақтау үшін ерлі-зайыптылар балалы болудың ең соңғы жолы - суррогат ана қызметіне жүгінеді. Мұндай тәсіл еліміздің бірнеше медициналық орталықтарында жүргізілетінін ескерсек, "құрсақ ана" көмегімен осы уақытқа дейін 20 мыңнан астам бала дүниеге келген. Шынында, ерлі-зайыптылар құрсақ ананың қызметіне амалдың жоғынан жүгінеді. Мұндай қадамға, әсіресе, туа бітті немесе жүре келе бедеулікке ұшырағандар барады. Мәселен, жатырдың болмауы, жатыр қуысының деформациялануы әйелді, амал жоқ, осы әдіске итермелейді.


Суррогат ана іздеймін

Мұндай хабарландыруларды ғаламтордан көп кездестіруге болады. Жеке адамдардың хабарламасынан бөлек, суррогат ананы іздеумен тұрақты айналысатын мекемелер де баршылық. Сондай хабарландырудың біріне біз де хабарласып, суррогат анаға қойылатын талаптармен жеке таныстық.

- Іріктеуге жасы 24 пен 35 жас аралығындағы әйелдер қатыса алады. Суррогат ана бұған дейін табиғи жолмен босанған болуы керек. Қан тобының оң көрсеткіші, түрлі аурулардан аулақ болғаны негізге алынады. Ешқандай қалаға не мемлекетке барудың қажеті жоқ. Осы Өскемен қаласында 9 ай тұруға келісімін беруге міндеттісіз. Ал гонорарға келсек, 2,5 млн теңгеден басталады. Қосымша шығындардың барлығын өзім төлеймін. (Құрсақ ана бағдарламасын жүргізуге қажетті тексеру көлемі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №627 (30.10.2009 ж.) бұйрығымен бекітілген). Егер егіз туып беретін болса, баға екі еселенеді, яғни, 5 млн болады, - дейді суррогат аналарды іздестіруші Раушан.

Одан бөлек, медициналық көрсеткіштері бойынша кесер тілігі жасалатын болса, қосымша 300 мыңдай төленеді. Сонымен қатар, жалпы және арнаулы гинекологиялық зерттеу, кіші жамбас органдарының ультрадыбыстық зерттеуі, қан тобы мен резус-факторды анықтау, денсаулығының жағдайы және бала көтеруге қарсы айғақтардың жоқтығы туралы терапевтің қорытындысы, ЭКГ, кеуде жасушасы флюорографиясы, қанның клиникалық, биохимиялық талдауы, мерезге, АИТВ-ға, В және С гепатиттерiне қанның талдауы, түрлі жұқпалар мен онкоцитология талдауы, сонымен қатар психиатр, нарколог және маммологтың қорытындысы талап етіледі екен.

- Егер анық шешім қабылдасаңыз, кездесуге дайынмын, қорықпаңыз. Маған сіз сияқты хабарласқан әйел екінші рет суррогат ана болғалы жатыр. Барлығын үйретемін. Бұл жағдай өзімнің де басымнан өткен. Дұрыс тамақтану керексіз. Босанғаннан кейін, сүтіңіз шықпас үшін бірден арнайы дәрі береді. Үшінші күні-ақ ауруханадан шығарады. Баланы, тіпті, көрмейсіз де, - дейді суррогат аналар іздеуші Раушан.

Раушанның айтуынша, тіпті, ішімдік ішіп және шылым шегу сынды жаман әдеттері кедергі келтірмейді. Тек 9 ай бойы бұл әдеттерден уақытша арылса болғаны.


Үміт әлі де бар...

Батыста дене бітімін сақтау немесе жұмысынан айырылып қалмауы үшін жас аналар суррогат аналардың көмегіне жүгінсе, Қазақстанда өмірдің қажеттілігі үшін жүгінеді, ал құрсақ анаға келісім бергендер күнкөрістің қамымен бұл шешімге барады.

2013 жылдың 22 қазан күні Көкпекті аудандық ауруханасына 38 апталық жүкті әйел түседі. Ананың да, баланың да жағдайы нашарлап, дәрігерлер анасын ғана аман алып қалады. Кейіннен гемостатикалық жіптің әсерінен жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер әйелдің жатырын алып тастаған. Осылайша ол бала сүю бақытынан айырылған. Кейіннен әйел жасанды жолмен ұрықтандыру және суррогат анаға 12 млн теңге қаражатын жұмсайды. Ал сотқа кеш жүгінген әйел 2018 жылдың 16 мамырында аталған соманың жартысын өндіріп алған. Себебі сот суррогат ана оның туған сіңлісі болғанын ескеріп, өтемақы сомасын азайтқан екен.

Следующая →