Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көпір салынып, жер үйлер сүріледі...

Ұлан ауданына қарасты Герасимовка, Глубокое ауданының Прапорщиково кенттерінің Өскеменге қосылуы мүмкін екендігі жайлы ел арасында соңғы уақытта көп айтылып кетті. Одан бөлек, Ертіс өзені бойында тағы екі ірі көпірдің салынатындығы, қаладағы кейбір үйлердің сүрілетіндігі жайлы да қауесет жайылған еді

Енді міне, биыл Өскемен қаласының 2020-2035 жылдарға арналған Бас жоспары бекітілгелі отыр. Жоғарыда аталған өзгерістердің барлығы осы жоспарға қосылған. Нақтылап өтетін болса, 2020 жылдан бастап қаладан 12 шақырым жерде жатқан Герасимовка кенті қалаға қосылып, Өскемен мен Семей тас жолы арасында жер үйлер салынбақ. Ал "Шығыс" ауылы аталып кеткен 28-ші шағын ауданның жанында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында келесі жылдан бастап бір сәулет стилі бойынша жер үйлер салына бастамақ. Қазір Ахмер кентінен бастап бұл ауданға қарай инженерлік желілер салынып жатыр.

- 2035 жылға дейін Өскемен қаласына Глубокое ауданына қарасты Прапорщиково мен Тәжірибе алаңы (Опытное поле) кенттері қосылады деп жоспарланған. Елді мекендерді қосу жұмыстары ұзақ жүргізіледі. Экономикалық тиімділігі, игеру перспективасы және аумақтарға құрылыс салу жағы бағаланады. Қазір Глубокое ауданына қарасты Радужный кентін қалаға қосу процесі жүргізіліп жатыр, ҚР Үкіметінің қаулысы дайындалуда, - дейді ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ернар Маулетханов.

Ертіс өзені бойында салынады деп жүрген екі ірі көпір Бас жоспарға сәйкес, әйтеуір, тұрғызылатын болыпты. Оның бірі Ертіс өзенінің үстінде Виноградов көшесі мен Меновное кентін жалғайтын ірі көпір болса, екіншісі - Ертіс өзенінің Прапорщиково кенті маңындағы арнасында салынатын көпір. Меновное кентіне қарай салынатын көпірдің бойындағы үйлер сүрілуі мүмкін деген болжам бар.

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметтеріне қарағанда, Ертіске жақын салынған Меновное кенті мен Карбышев көшесі бойындағы 100-ден аса жер үй сүрілуі мүмкін.

- Бұзуға жатқызылатын объектілер көлік жолдарын салу не кеңейту, жаңа тұрғын үйлерді тұрғызу мақсатында, нақты жұмыстың жобасына қарай анықталады, - дейді Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дәурен Қасымов.

Қаланың оң жақ жағалау бөлігі тым тар болғандықтан, оның жолдарын кеңейту үшін кейбір жер үйлерді бәрібір күреп тастауға тура келеді. Мәселен, Бас жоспарға сай, Бажов көшесінен Тәуелсіздік даңғылының қиылысына дейін түзету мақсаты көзделген. Яғни, "Қазмырыш", "Үлбі зауыты", Жылу электр орталығы орналасқан өндірістік аймақ маңындағы жер үйлер сүрілуі мүмкін.

- Әрине, бұл жобаны тұрғын үйді бұзусыз іске асыру мүмкін емес. Бірінші кезекте өнеркәсіп аймағында орналасқан ескі және апатты тұрғын үйлерді бұзу міндеті тұр. Негізгі мәселе - бұл қаржыландыру, - дейді Ернар Манатұлы.

Сонда қаланың жаңа Бас жоспарына, оның тұжырымдамасына сай, Өскеменнің оң жақ жағалауы өндірістік орталыққа айналады да, сол жақ жағалауы тұрғын үйлерге толы "жатын ауданға" айналмақ. Өйткені Бас жоспарда қаланың оң жақ жағалауында тұрғын үйлер салу жағы ойластырылмаған. Тұрғын үйлер ЖМК ауданында көптеп салынбақ. Қазір Қазыбек би даңғылынан бастап Өскемен мен Алматы тас жолына қарай ірі магистраль салынуда. Бұл магистральдің маңайы абаттандырылып, тұрғын үйлер салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, Бас жоспарда көрсетілген тағы бір ірі жобалардың бірі - жаяу жүргіншілерге арнап жер үсті көпірлерін салу.

- Үш жер үсті көпірлерін салу жоспарланған: Спорт сарайы, "Император" сауда үйі маңында және Сәтпаев даңғылының спорт кешендері орналасқан бөлігінде. Өткелді салу көлік кептелісін реттеп, апатты азайтады және қаланың экологиялық жағдайын жақсартады, - дейді Ернар Маулетханов.

Ал енді жоғарыда сипаттап өткен "Бас жоспар қашан бекітіледі?" деген сауалға облыс басшылығы "осы жылдың желтоқсанында" деп жауап қайырды.

Следующая →