Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ең дәмді-тәттісі Ресейге жөнелтіледі...

Шығыс Қазақстан халқының өзіне жетпей жатқан көкөністер мен бау-бақша өнімдері оңтүстік аймақтардан жеткізілсе, өзімізде өсірілген көкөністер көрші Ресейге сатылып жатыр

Теріскейдегі көрші - көкөніс пен бау-бақша өнімдерін көп тұтынатын ел. Оның үстіне, оңтүстік аймақтарда ғана өсетін кейбір бау-бақша өнімдері көрші елде өспейді. Сондықтан Ресейдің саудагерлері Қазақстаннан қауын-қарбыз бен көкөніс тасиды. Әзірше, өңір шаруалары өз өнімдерін Ресейге ғана экспорттай алады, ал Қытайға шығаруға қазірше мүмкіндік жоқ.

Мәселен, алдыңғы жылғы Қазақстан шекарасынан Ресейге асырылған кедендік тауарлардың статистикасына көз жүгіртсек, көрші елге 8300 тоннадан аса көкөніс эспортталған. Оның ішінде 1268 тоннасы қызанақ болса, 2755 тоннасы пияз (сарымсақ), 1213 тоннасы қырыққабат, 3087 тоннасы сәбіз, қызылша, қияр сынды көкөністер.

- 2017 жылы Ресейге 21800 тоннадан аса көкөніс экспортталды. Атап айтқанда, 4500 тоннадан аса қызанақ, 1500 тоннадан аса пияз, 2700 тоннаға жуық қырыққабат, 13 мың тоннадан аса басқа көкөністер көрші елге жіберілген, - дейді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Владимир Гайламазян.

Байқағанымыздай, екі жылдың ішінде көрші елге жіберілген көкөністің көлемі үш есе көбейген. Ал биыл Ресейге жол тартатын көкөністің көлемі бұдан да көп болатын сынды. Өйткені биыл алғашқы бес айдың өзінде теріскейдегі көршілерге 28 мың тонна көкөніс экспортталған. Оның ішінде, 10 мың тоннасы қырыққабат болса, 7 мың тоннадан астамы - пияз (сарымсақ).

Алдағы уақытта жергілікті шаруалардың қызанағы мен қырыққабаты, қарбызы піседі. Ал бұл - ресейліктер үшін таптырмас өнімдер.

Жергілікті шаруалардың айтуынша, ресейлік саудагерлер өзіне қажетті тауарды Қазақстанға келіп, іздеп жүріп табатын көрінеді. Себебі былтырдан бастап Тарбағатайда қарбыз өсіре бастаған оңтүстіктен келген шаруаның өнімін ресейлік саудагерлер келіп алып кеткен.

- Былтыр 50 гектарға қарбыз еккенмін, биыл жүз гектарға ектім. Өткен жылы бір гектардан 30 тоннадан қарбыз алдық. Оның 80 тоннасын Ресейге жібердім. Біз өзіміз сатпаймыз, саудагерлер келіп өздері сатып алып кетеді. Саудагер Тарбағатайда қарбыз барын Өскемен қаласындағы "Дина" базарынан білген екен. Ресейге де, Өскеменге де кететін қарбыздарды бір бағамен сатамыз. Былтыр бір келісін 20 теңгеден өткізгенбіз, - дейді шаруа Бекжан Жұманов.

Ал Ресейге жеміс-жидек сатып жүрген саудагерлердің айтуынша, көрші елдің тұрғындары қазақстандық қауын-қарбызды сүйіп жейді, сондықтан бізден көптеп алатын көрінеді.

- Ресейдің Астрахань аймағында ғана қауын-қарбыз өсіріледі. Айтуынша, ол аймақтың бау-бақша өнімдері Қазақстанның қауын-қарбыздарына жетпейді. Аптасына 20 тоннадан үш рейс жасайтын кездер болады. Барнауыл, Новосібір, Кемер облыстарына апарамыз. Қазақстанда өсірілген ең тәтті қауын-қарбыз, қызанақ пен қияр болсын, ең алдымен, Ресейге жіберіледі. Ал олардан қалғаны біздің базарларда сатылады, - дейді саудагер Имбер Нариманұлы.

Ал оңтүстік саудагерлерінің айтуынша, Өскеменге қарағанда, оңтүстік аймақтардан Ресейге жеткізілетін жеміс-жидек көп.

- Қызыл бұрыш, қызанақ, қияр мен өрік, алма апарамыз. Шығыста егілген көкөністер қазір түн суық болған соң, шықпай жатыр. Көкөністің науқаны мұнда енді басталуы мүмкін. Қазірше Өскеменге де, Ресейге де тасып жатырмыз. Бірақ Алматыдан Өскеменге келетін жол өте нашар. Жүк көліктері жиі сынады. Мұның барлығы жемістің бағасына әсер етеді. Алдағы уақытта көкөніс пен жеміс арзандай ма, ол жағын дәл айту қиын, - дейді саудагер Медет Сәлімов.

Следующая →