Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Заң бұзушылықтың басым бөлігін ұрлық құрап отыр

Біз күнделікті "ұялы телефонымды ұрлаттым", "автобуста әмиянымды сыпырып кетіпті" деген сөздерді жиі естиміз. Соның ізіне түсіп, полицияға арыз жазып, мүлкін даулаған бір адамды көрмейсің. Дауласа да, бәрібір таба алмайды. Себебі, полиция мұндай ұсақ қылмысқа уақыт шығындап жатпайды

Органдардың мұндай бейқамдығы ұрылардың "қиялын" кеңейтіп, ұрлықты табыс көзіне айналдырған. Тіпті, ұрлықтың кең етек алуы полиция қызметкерлерінің де несібесіне айналған. Мұндай пікірлер Денис Тен қаза тапқаннан бері одан сайын өршіп кетті. Қылмыс әлемінде ұрлықтың үлесі басым. Ал өңірлердегі пайыздық үлес одан да жоғары.

- 2018 жылдың 7 айында ШҚО облысы бойынша тіркелген қылмыстық әрекеттердің 61,5%‑ын ұрлық құраған, яғни, 8717 факті тіркелген. 2017 жылдың сәйкес мерзімінде тіркелген қылмыстық әрекеттердің 60,5%-ы, яғни, 8927 фактіні ұрлық құрады, - дейді ШҚО Ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі басшысының м.а. Айгерім Нұрғазина.

Жергілікті полицейлердің сөзінше, қылмыстың ішінде - ұрлық, ұрлықтың ішінде автоұрлық көш бастап тұр. Мәселен, Өскеменде шілденің соңғы күндері үш түн ішінде 41 жастағы ер адам бес көлікті тонаған. Түнгі шабуылдаушының негізгі жемі аккумуляторлар болған. Алайда ол кейбір көліктердің терезелерін сындырып, салонға еніп, магнитофонды, кілтін, бұрағышын, бұрғылауышын, сондай-ақ көлік иесінің киімдері бар сөмкені ұрлап кеткен.

- Ағымдағы жылдың 7 айында 14 көлікті ұрлау және 361 көлікті тонау фактісі тіркелді. Адамдар қандай да бір арзан зат болса болды, соны сатып алуға ұмтылып тұрады. "Неге бұл арзан? Мұның криминалдық іске қатысы жоқ па?" деп ешкім ойлана бермейді, - дейді департамент мамандары.

Ұрлықтың абырой әкелмейтін іс екені, оның үлкен қылмыстарға бастайтын баспалдақ екені жасырын емес. Ұрлықпен күн көруге көшкендердің дені - жұмыссыз жастар.

- Жалпы жыл басынан бері облыста 42847 адам жұмыссыздыққа шағымданып келген. Олардың 37940-ы жұмысқа орналасты. Ал 9197 адам әлі жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр, - дейді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова.

Ал психолог-маман "жастар жұмыссыз сенделіп жүр, олар жалқау" деген оймен де келіспейді.

- Мәселе оларға "әу баста" дұрыс бағыт-бағдар берілмеуінде. Бізде үлкендер "сенікі не жатыс, бар да жұмыс істе" деп жасөспірімдермен дөрекі сөйлесіп жатады. Осылай оның ішкі психологиясына зиян келтіреді. Керісінше, жылы сөйлеп, баласының көңілін аулап, оның жәй-күйіне шынайы назар аудару қажет. Сол кезде ол бала мотивация алады, - дейді Өскемендегі жеке психолог-маман Нұрым Абайұлы.

Сонда тепсе темір үзер жігіттердің пышақ ұстап, үркітіп-қорқытып жеңіл нәпақа іздеуіне не себеп?

- Адам ұры болып туылмайды. Оған біріншіден генетикасы әсер етеді. Әрине, ұрының баласы ұры бола бермейді, бірақ көп жағдайда тұқым қуалайтыны өтірік емес. Екіншіден, баланың қоғамдық ортасы да әсер етпей қоймайды. Үшіншіден, баланың зейіні, есте сақтау қабілеті, эмоциясы, сезімі, қиялы ұрлық жасау әрекетіне пайдаланылады. Теледидардан ұрлық жасап байып кеткен адам туралы киноны көріп, ол да дәл солай қиялдайды, - дейді психолог.

Ішкі істер департаментінің ақпаратына сүйенсек, облыс аумағында автоұрылардың қолынан қаза болу немесе зардап шегу фактілері тіркелмеген. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен жедел профилактикалық іс-шаралар да жиі жүргізіліп тұрады.

- Полицияға көлікті тонау және көлікті айдап әкету туралы мәлімет түскен кезде "Қармау" жоспары іске асырылады. Автокөліктегі ұрлықты ашу мақсатында жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері автотұрақтарды, көлікжайларды, ТҚС, жеке-меншік автошеберханаларын, автокөлік сату базарларын, қосалқы бөлшектер сату орындарын тексереді. Талдау нәтижесі көлік ұрлау фактілері негізінен түнгі уақытта күзетілмейтін дабыл құрылғысы жоқ, бейнебақылау камералары орнатылмаған көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жасалатындығын көрсетті, - дейді Айгерім Нұрғазина.

Ал автокөлік әуесқойы Дархан есімді қала тұрғынының айтуынша, автоұрылардан қорғанудың қарапайым әрі арзан жолы - айнаға көлік нөмірін жазып қою. Бұл - идентификация. Сол себепті де ұрылар көп жағдайда айнаға қызығушылық танытпайды екен.

- Негізінен ұрылардың көзі қайда түседі? Олар көліктің арт жағында тұратын айнаны көбірек ұрлайды. Ал ұрланған айнаның әрқайсысы 20-200 мың теңге аралығында тұрады, - дейді қосалқы бөлшектер дүкенінің сатушысы Андрей.

PS. Ұрлық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-тармағы 3-бөлігі бойынша айыпты тұлғаның мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салудан бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылады.

Следующая →