Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Құрбан айт туған-туыстарды жақындастыруы қажет

Мұсылмандардың бұл дүниеде екі үлкен мейрамы бар: ол - Ораза айт пен Құрбан айт мейрамы

Ораза айттан кейін 70 күннен соң, мұсылмандарды ізгілік пен мейірімділікке бастайтын, жалғыз Жаратушысына ақ-адал ниетін танытып, Раббысының ризашылығын алар сауапты амал жасайтын, тарихы терең Құрбан айт мейрамы тойланады. Құрбан айт мейрамын қалай қарсы алу керек, қалай құрбандық шалу қажет, айтшылау мен қандай сауапты амалдар жасау керектігі жайында білу үшін облыстық Халифа Алтай мешітінің наиб-имамы Қанат Дауылбаевтан сұхбат алған едік.

- Мұсылманның кез келген құлшылығы оның Аллаға деген адалдығы десек болады. Ибраһим пайғамбардың Аллаға деген адалдығының мәнін баяндап беріңізші...

- Пайғамбарлардың атасы Ибраһим (ғ.с) пайғамбар бір перзентке зар болып, ғұмыр бойы Алла Тағаладан ізгі ұрпақ тілеумен болады. Оның бұл тілегі тек қартайған шағында ғана қабыл болып, пайғамбарлықтың ізін жалғаған салиқалы ұрпақ Исмайыл (ғ.с) пайғамбар дүниеге келеді. Күндердің бір күнінде Алладан әмір келіп, бауыр еті баласын құрбандыққа шалуға бұйрық түседі. Қос пайғамбар Аллаға деген адалдығын көрсетіп, бірі құрбандық шалуға, бірі құрбан болуға келіседі. Алайда мұның барлығы сынақ болатын. Алла тағала сынағаны болмаса, Исмайылды құрбандыққа шалуды қаламады. Ол тек Ибраһим пайғамбардың өзіне адалдығына, әмірін қалтқысыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің, Аллаға деген махаббаттың балаға деген махаббаттан басым екендігін көрсеткен үлгіні паш етті. Әйтпесе, Алла тағалаға сойған малдың еті мен жүні қажет емес екені белгілі. Алла тағалаға құлының ақ-адал ниеті мен кең пейілі-ақ жеткілікті. Сондықтан құрбан шалар алдында да бір Алланың ризашылығы үшін оның бұйрығын орындап, адал да таза ниетіңді танытуың керек.

Мекке кезеңінде түскен "Кәусар" сүресінде "Расында, біз саған Кәусарды бердік. Ендеше, сен де (осы жақсылыққа шүкіршілік ретінде) Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал" деген бұйрық бар. Ибраһимнен (ғ.с) басталған бұл дәстүр Мұхаммед пайғамбардың да (с.ғ.с) үмметіне міндет етіп берілді.

- Құрбандық шалудың шарты мен шариғаттағы үкімі жайлы айта отырсаңыз...

- Негізгі қаржыдан тыс нисап мөлшеріне тең қаржысы бар мұсылманға құрбандық шалу уәжіп (міндет) амал. Нисап мөлшері 85 грамм алтын, яғни, мұсылманның жылдық айналымында қажеттілігінен тыс 1 млн 180 мың теңге артық қаржысы болуы керек. Мұндай мұсылмандар құрбандық шалмаса, оларға күнә жазылады. Ал қалған мұсылмандар құрбандық шалса, оларға да Алланың қалауымен мол сауап жазылмақ. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе сойылады, жылқыны союға болмайды. Шалынатын малдың дені сау, дене мүшесі түгел болуы тиіс.

- Қайтыс болған адамдардың атынан қалай құрбандық шалынады?

- Кез келген адамның дүниеден озған туысына немесе қадір тұтқан кісілеріне сауабын бағыштау ниетімен құрбандық мал шалуына болады. Бірақ мойнына құрбандық шалу уәжіп болған кісі ең әуелі өз атынан құрбандық шалуға тиіс. Бұл жерде мына мәселеге де баса мән беру керек: егер қайтыс болған кісі өз атынан арнайы құрбан шалуды өсиет етіп айтып кеткен болса, бұл құрбандық осы айт күндері шалынуы тиіс. Құрбандық шалған адам оның етін жей алмайды.

Одан бөлек, осы жерде айта кеткен жөн. Кейбір мұсылмандар ата-бабасының аты-жөнін айтып, "бәленшенің атымен құрбандық шалдым" деп ниет жасап жіберетін кездері бар. Бұл үлкен қателік. Құрбандық тек Алланың атымен ("Бисмиллаһи, Аллаһу акбар" деп бауыздау) ғана шалынуы тиіс. Ал ата-бабаның сауабына бағыштау үшін "бәленшенің атынан құрбандық шалдым" деп ниет етуі керек. Яғни, "атымен", "атынан" дегенді шатастырмаған жөн.

- Ал құрбандық шалмаған мұсылмандардың қандай амалдар жасағаны абзал?

- Ең алдымен, таңертеңгі Айт намазына қатысуы керек. Оған жақсылап жуынып, тазаланып, тырнақ-шашын алып, таза, әдемі киімдерін киіп келуі тиіс. Айт күні жуынып тазаланған адам құрбандық шалғандай сауап алады. Намаздан кейін көрші-қолаң мен туған-туыстардың үйіне барып, айтшылап, "Айт құтты болсын!" айтып, ізгі тілек тілейді. Бұл мереке болғандықтан, мұсылмандардың арасын біріктіретін, татуластыратын, көңілін көтеретін күн болуы керек. Сондықтан жолы түскен үйдің барлығына соғып, дастарханнан дәм татып, шаңыраққа құт-береке, Алланың береке-бірлігін тілеп, дұға жасап қайтуы қажет.

- Құрбан айт мұсылмандарды, әсіресе, туған-туыстарды жақындастыруы керек дедіңіз ғой. Мұсылман бауырлар туған-туысымен жақындасу үшін не істегені жөн?

- Қазақтың дәстүрінде "Сыбаға" деген тамаша түсінік бар. Қазақ жақын туысына, танысына, көршісіне сыбаға дайындап қояды. Құрбан шалған мұсылман да сойған малының барлығын бір өзі ғана алып қоймай не түгелдей таратып тастамай, түтін шығарып, көрші-қолаңы мен туыстарын шақырып, дәм таттыруы тиіс. Бір дастархан басына жиналған мұсылмандар арасында жылулық, мейірім пайда болады. Сондықтан сойған малдың етінен міндетті түрде сыбаға үлестіріңіз, жақындарыңызбен бөлісіп, ауыз тигізгеніңіз абзал. Туған-туыстарына таратқан ет екі есе сауап болмақ, Алла қаласа.

Айт мерекесі мұсылман үшін басқа барлық мерекелерден артық болуы керек. Оны балаларымыздың санасына да сіңіре білген абзал. Мәселен, балаңызды ертіп Айт күні қонаққа барыңыз, айтшылаңыз. Ал дәм татып қайтқан үйден міндетті түрде дәмді-тәтті әкеліп беріңіз. Бұл мерекеде баланың есінде барынша қалатындай дүниелер жасау керек. Сонда бүлдіршіндеріміз де келесі Айт мерекесін асыға күтетін болады.

Следующая →